26 желтоқсан 2016 13:30

Қанат Исламмен Қазақстанда жұдырықтаспасам, нәтиже басқаша болар еді - Аллотей

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBO Intercontinental белбеуіне талас жекпе-жегінде қазақстандық Қанат Исламнан (22-0, 18 КО) жеңіліп қалған ганалық боксшы Патрик Аллотей (35-3, 28 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандықпен тағы да жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді. Өйткені, оның ойынша, төрешілер дұрыс шешім шығармаған.


WBO Intercontinental белбеуіне талас жекпе-жегінде қазақстандық Қанат Исламнан (22-0, 18 КО) жеңіліп қалған ганалық боксшы Патрик Аллотей (35-3, 28 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандықпен тағы да жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді. Өйткені, оның ойынша, төрешілер дұрыс шешім шығармаған.

"Мен соңғы жекпе-жекте ұпай саны бойынша жеңдім (Ганада жұдырықтасқан отандасы Джорджио Амизуды айтып отыр). Амизумен жекпе-жек оңай болған жоқ. Оны нокаутқа түсіргім келді, бірақ мұнда бастысы жекпе-жекті бақылауда ұстауым керек болды. Әдіс бойынша жекпе-жек сәтті болды", - деді Аллотей. 

Сонымен қатар, боксшы әлем чемпионы болуды мақсат тұтатынын айтты. "Келесі жекпе-жегімнің қашан өтетінін білмеймін, себебі менің промоутерім жоқ", - дейді ол.

Ганалық боксшы Қанат Исламмен тағы да жұдырықтасқысы келетінін айтты. "Тағатсыздана күтіп жүрмін. Себебі төрешілер дұрыс шешім шығармады. Бұл жекпе-жекте жеңіске жеткенімді білемін. Реванш болса, мықтырақ екенімді дәлелдеймін. Мүмкіндік беріңіздер, сонда мен Исламды нокаутқа түсіремін", - деп мәлімдеді ол.

Ал осыған дейін Қанат Исламның жекпе-жекті нокаутпен жеңуге жарақаты кедергі болғанын мәлімдеген болатын. Ганалық боксшы бұған қатысты былай пікір білдірді: "Қанат өзін өзі алдап жүр! Қолын жарақаттап алуын мен мәжбүрледім. Менің де екі қолыма зақым келді, бірақ мен бұл жайлы ешкімге айтпадым да. Егер ол мені нокаутқа түсіремін деп сенсе, тағы бір кездесейік. Қанат Исламды құрметтеймін, бірақ жекпе-жек Қазақстанда өтпесе, нәтиже басқаша болар еді". 

Еске салайық, Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің жекпе-жегі Алматыда 29 қазанда өткен бокс кешінің басты кездесуі болған еді. Қазақстандық төрешілердің шешімі бойынша жеңімпаз деп танылды. Жекпе-жектің видеосын мына жерден көре аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети