30 қазан 2016 11:29

Қанат Исламнан жеңілген ганалық боксшының бапкері: Бұл - әділетсіздік, сөзім жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ганалық боксшы Патрик Аллотей қазақстандық Қанат Исламнан жеңілгеннен кейін киім ауыстыру бөлмесінде жылады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Ганалық боксшы Патрик Аллотей қазақстандық Қанат Исламнан жеңілгеннен кейін киім ауыстыру бөлмесінде жылады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олардың жекпе-жегі 29 қазанда Алматыда өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды. Боксшылар бірінші орта салмақтағы WBA Fedelatin және WBO Intercontinental титулдарына таласты. Жекпе-жек 12 раундқа созылып, қазылар алқасы жеңісті бір ауыздан Қанат Исламға берді, сөйтіп, қазақстандық чемпиондық белбеулердің иегері атанды.

Өз кезегінде ганалық боксшының бапкері Офори Асари қазылар алқасының шешіміне наразылығын білдірді. Асаридің айтуынша, нәтиже әділетсіз болған. "Бұл - әділетсіздік. Бұл Патриктің өміріндегі ең маңызды жекпе-жегі еді, бірақ әділетсіздік болды. Мұндай жағдай еш жерде және ешқашан болмаған, мұндай былықты бірінші рет көрдім. Мұндайдан кейін Қазақстаннан алған әсерім құрыды. Сөзім жоқ", - деп мәлімдеді Аллотейдің бапкері.

Қанат Исламның өзі болса қуанышын бөлісті. "Өз жерімде, өз халқыма жүз пайыз өнерімді салдым. Қарсылас жақсы дайындықпен келіпті. Жұдырықтасу кезінде қолымды зақымдап алдым. Көбі нокаут күтті, бірақ қолдан келмеді. Алайда, 12 раундқа созылған жекпе-жек маған үлкен сабақ болды. Енді келесі жекпе-жектерге дайындалуым керек", - деді боксшы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети