28 наурыз 2017 13:03

Қанат Исламның жекпе-жегі Астанадағы "Сарыарқа" спорт кешенінде өтетін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

9 қыркүйекте елордамыз Астанада ұйымдастырылып жатқан бокс кеші "Сарыарқа" спорт кешенінде өтеді, - деп жазады Vesti.kz порталы. 


9 қыркүйекте елордамыз Астанада ұйымдастырылып жатқан бокс кеші "Сарыарқа" спорт кешенінде өтеді, - деп жазады Vesti.kz порталы. 

"Спорт кешенінің сыйымдылығы 10 мың адам. Ринг айналасына 2-3 мың орындық қоюға болады. Бас-аяғы 13 мыңға жуық жанкүйер келеді деп күтілуде. Жекпе-жек алдында 3 баспасөз маслихаты және ашық жаттығу өтеді. Жекпе-жек бітісімен, "Сарыарқа" велотрегінің баспасөз залында боксшылардың қатысуымен ресми баспасөз маслихаты болады. Әріптестер сұрақтарын жекпе-жектің қызуы басылмай жатып қойып қалуы үшін. Ескерте кететін бір жайт, "Алматы аренада" өткен кәсіпқой бокс кешінде 15 мыңға жуық халық келіп, билет жетпей кіре алмай қалғандары өте көп болды. Сол үшін билет сатылымға шыға салып, тезірек алып қоюларыңызды сұранамыз. Билет шамамен тамыз айының 1 жұлдызында сатылымға шығады. Бұл жолы да бағалары қолжетімді болады", - деп жазды Қанат Исламның PR менеджері Берік Сұлтан өзінің Facebook желісіндегі парақшасында. 

Айта кетейік, елорда төрінде өтетін кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегінде бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, жеңіліп көрмеген Қанат Ислам жұдырықтастады. 

Сондай-ақ еліміздің мақтанышы, әлем чемпионы Бейбіт Шүменов та осы бокс кеші аясында жекпе-жек өткізеді деп күтілуде. Сондай-ақ басқа да кәсіпқой боксшылармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети