25 сәуір 2017 15:34

Қанат Исламның келесі қарсыласы "Әзәзіл" жайлы не білеміз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© boxingscene.com © boxingscene.com

Бірінші орта салмақта WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Қанат Исламның (23-0, 19 КО) келесі қарсыласы анықталды. Ол - мексикалық боксшы Норберто Гонсалес (23-8-0, 13 КО). Осы орайда Vesti.kz порталының мексикалық боксшының мансабындағы ең маңызды сәттерін жинақтап көрді.


Бірінші орта салмақта WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Қанат Исламның (23-0, 19 КО) келесі қарсыласы анықталды. Ол - мексикалық боксшы Норберто Гонсалес (23-8-0, 13 КО). Осы орайда Vesti.kz порталының мексикалық боксшының мансабындағы ең маңызды сәттерін жинақтап көрді.

Көпшілікке "Әзәзіл" деген лақап атпен танымал Гильермо Норберто Гонсалес 35-те. Ол кәсіпқой бокс шаршы алаңында 2007 жылдан бері бағын сынап келеді. Қазіргі уақытта ол Boxrec.com порталында мексикалық боксшылар арасында орта салмақта төртінші орында тұр. Бұл боксшыдан Сауль "Канело" Альварес, Антонио Маргарито және Роберто Гарсия секілді былғары қолғап шеберлері жайғасқан.

Кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегінде ол Абнер Фуентесті екінші раундта сұлатып түсірген. Өзінің кәсіпқой боксқа ауысқан бірінші жылы Гонсалес 10 (!) кездесу өткізген. Және барлығында жеңіске жеткен. 2008 жылы ол шаршы алаңға бес рет шығып, ол жылы да барлық қарсыласынан үстем түскен.

2009 жылдың 27 ақпанында ол АҚШ жерінде алғашқы жекпе-жегін өткізді. Оның қарсыласы америкалық Антвон Смит (14-1-1) болған еді. Бірақ бұл кездесуде тізе бүгіп, мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Содан соң Гонсалес қайта Мексикаға оралып, тағы екі кездесуде жеңіске жеткен. Осы кезде орта салмақта ол ел чемпионы да атанды.

Норберто Гонсалес - Мишель Оливейра жекпе-жегінің видеосы

2010 жылдың сәуірінде ол қайта Америкаға келіп, екінші жекпе-жегін өткізген. Алайда бұл жолы да жеңілістің кермек дәмін татты. Оны 10 раундтың қорытындысы бойынша филиппиндік боксшы Марк Джейсон Меллиген (17-2-0) жеңді. Бұл бокс кешінің промоутері Боб Арум болса, шаршы алаңдағы төреші қызметін Джо Кортес атқарды. Осы жеңілістен кейін ол үш жылға кәсіпқой бокстан кеткен болатын.

Гонсалес 2013 жылы қайта оралып, 3 кездесу өткізді. Оның екеуінде жеңіске жетсе, біреуінде тағы жеңілді. Жеңілісті Норберто отандасы Луис Фернандо Урибеден (27-1-1) тапты.

Норберто Гонсалес - Юдель Джонсон жекпе-жегінің видеосы.

Осы жеңілістен кейін мексикалық боксшы біржолата АҚШ-қа көшіп келеді. (соңғы тоғыз кездесуінің, сегізін осында өткізген). Сөйтіп бразилиялық Мишель Оливейрамен (20-1-0) кездесіп, бірінші рет АҚШ жеріндегі жеңісіне қол жеткізді.

Норберто Гарсия - Роберто Гарсия жекпе-жегінің видеосы. 

2014 жылдың 6 маусымында Норберто бірінші рет чемпиондық белбеуге таласу мүмкіндігіне ие болады. Ол бірінші орта салмақта кубалық Юдель Джонсонмен (15-1-0) WBC FECARBOX және WBA-NABA тұжырымдары бойынша чемпиондық атақты сарапқа салады. Бұл кездесуде ол екі рет нокдаунда болып, төрешілердің шешімі бойынша жеңіліп қалады.

Гильермо Норберто Гонсалестің карьерасындағы басты жекпе-жек америкалық Джермалл Чарлоға (18-0-0) айтты. Бұл жекпе-жекте сол кездегі америкалық 24 жастағы  боксшы қарсыласын алдымен төртінші раундта нокдаунға жіберсе, жетінші раундта мексикалық боксшы жекпе-жекті тоқтатуды сұрады.

Норберто одан кейінгі жекпе-жегінде де жеңіліп қалды. Бұл жолы 19 жастағы Эриксон Лубинадан. Ол кезде WBC FECARBOX белбеуі сарапқа салынған еді. Содан кейін соңғы екі жарым жылдың ішінде Гонсалес төрт кездесу өткізіп, біреуінде ғана жеңіліс құшты.

Норберто Гонсалес - Джермалл Чарло жекпе-жегінің видеосы. 

Соңғы жеңілісін отандасымыз қарсыласы бокстан АҚШ құрамасының бұрынғы мүшесі Террел Морис Гаушадан тапты. Ол америкалық боксшыдан төртінші раундта нокаут алды. Міне, осындай көрсеткішпен мексикалық боксшы қазақстандық Қанат Исламға қарсы жекпе-жек өткізеді.

Еске салайық, 26 мамыр күні Флорида қаласында Қанат Ислам өзінің кезекті кездесуін Норберто Гонсалеспен өткізеді. Бұл жекпе-жекте бірінші орта салмақтағы WBO NABA және WBA intercontinental белбеулері сарапқа салынады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети