19 сәуір 2017 09:35

"Канелоның" промоутері боксшының қыркүйекте Головкиннің орнына кіммен жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© izquierdazo.com © izquierdazo.com

WBO тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (48-1-1, 34 КО) мүддесін қорғайтын Golden Boy Promotions компаниясының президенті Эрик Гомес WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы қазақстандық Геннадий Головкинмен қыркүйекте өтуі тиіс жекпе-жекке қатысты келіссөздер жүргізілмей қалған жағдайда "Канелоның" кіммен жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның айтуынша, Головкиннің орнына олар оның бұрынғы қарсыласы - канадалық Давид Лемьемен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

"Біз бұл туралы айтқанбыз. Мен де Давидтің осы жекпе-жекті өткізгісі келетінін білемін. "Канело" да қарсы емес, - деді Эрик Гомес RingTV.com арнасына берген сұхбатында. - Біз Головкин мен "Канело" жекпе-жегіне қатысты келіссөздерді жалғастырып жатырмыз. Бірақ қандай да бір себептермен бұл кездесу өтпей қалса, Давид "Канеломен" жұдырықтасатын адамдардың тізімінде тұрады".

Сондай-ақ, осыған дейін Головкиннің ұлыбританиялық Билли Джо Сондерспен келіссөздер жүргізіп жатқаны хабарланған болатын. Айтуларынша, олардың жекпе-жегі Қазақстанда маусым айында өтеді деп белгіленді.

Бірақ кейінірек Головкиннің "Канеломен" қыркүйекте жұдырықтасу үшін Сондерспен маусымда өтетін жекпе-жегінен бас тартқаны хабарланды. Басылымның мәліметінше, Головкиннің командасы орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері Сондерспен келіссөздер жүргізген. Олардың жекпе-жегі Қазақстанда 10 маусымға белгіленген болатын. Алайда көптеген дереккөздегі мәліметтерге сүйенсек, Головкин қыркүйек айында мексикалық боксшымен өтетін жекпе-жек үшін маусымдағы кездесуден бас тартып отыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети