23 мамыр 2017 12:59

Кәсіпқой бокс федерациясының президенті WBC конвенциясы Астанадан Бакуге неліктен ауыстырылғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© http://tumar.kz © http://tumar.kz

Қазақстанның Кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожин Vesti.kz тілшісіне жыл сайынғы Бүкіләлемдік бокс федерациясының (WBC) 55-ші конвенциясы неліктен Астанадан Бакуге ауысқанын айтып берді.


Қазақстанның Кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожин Vesti.kz тілшісіне жыл сайынғы Бүкіләлемдік бокс федерациясының (WBC) 55-ші конвенциясы неліктен Астанадан Бакуге ауысқанын айтып берді.

"Біз үшін бұл жағымсыз әрі тосыннан болды, оның үстіне түсініксіз. Себебін анықтай бастағанда Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев WBC президенті Маурисио Сулейманға қоңырау шалып, конвнцияны Бакуде өткізуді ұсыныпты. Президент ұсынысынан бас тарту оңай емес екені түсінікті. Әзірбайжан бастау алған имидждік жобаларды қолдайды. Президентке қызық болған сияқты", - деп түсіндірді Бекхожин.

Промоутер дайындық жағынан еш кемшілік болмағанын айтады. 

"Конвенцияны өткізуге бәрі дайын болатын. Олар Астанаға көруге келгенде бәріне риза болды. Бізде келісім болғанымен Маурисио бірінші кезекте бизнесмен болғандықтан, пайда мен түсім жағын бірінші ойлайды. Кім жақсырақ жағдай ұсынса, сол жаққа қарай тартады. Ал біз бар күшімізді енді бокс кешіне бағыттаймыз",  - дейді ол. 

Бекхожин бұл жағдай Әзірбайжанмен қарым-қатынасымызға еш әсер етпейтінін айта кетті. 

"Бұл бір үлкен қайғылық жағдай емес. Бұл бизнес қана. Бұл жағдайға қалыпты қарау керек. Бұл - бизнес. Қарсылық санкциялары болмайды. Бұл біздің имиджге әсер етпейді, біз конвенцияны алдағы жалдары өткізе аламыз", - деп аяқтады сөзін Бекхожин.

Айта кетейік, 23 мамырда WBC ресми сайтында конвенцияның Әзірбайжан астанасы - Бакуге ауыстырылатыны туралы ақпарат пайда болды. Бұл шара қазанның 1 мен 6 аралығы өтеді.

Еске салайық, жыл сайынғы конвенция Астанада өту керек болатын. Қазақстан астанасының өтініші 2016 жылы АҚШ-тың Флорида штатында 54-ші конвенция кезінде мақұлданған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети