11 маусым 2015 09:54

Қазақ боксшысы жарақат алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейбіт Шүменов. © boxingscene.com Бейбіт Шүменов. © boxingscene.com

Қазақстандық 31 жастағы боксшы, жартылай орта салмақта эск-чемпион Бейбіт Шүменов иығын жарақаттады, - деп хабарлайды Vesti.kz аllboxing.ru басылымына сілтеме жасап.


Қазақстандық 31 жастағы боксшы, жартылай орта салмақта эск-чемпион Бейбіт Шүменов иығын жарақаттады, - деп хабарлайды Vesti.kz аllboxing.ru басылымына сілтеме жасап.

Осыған байланысты 20 маусымға белгіленген 36 жастағы ағылшын Би Джей Флореске қарсы жекпе-жек 25 шілдеге ауыстырылды. Айта кетейік, бұл жекпе-жекте бірінші ауыр салмақта WBA тұжырымы бойынша әлемнің уақытша чемпионы деген атақтың тағдыры шешіледі. Шүменов кәсіби бокста 15 рет жеңіске қол жеткізді (10 КО) және екі рет жеңіліс тапты. Ал Флорестің қоржынында 31 жеңіс (20 КО), бір жеңіліс пен бір тең түсу бар.

"Шүменов-Флорес жекпе-жегінде жеңіске жеткен боксшы ресейлік Денис Лебедевтің титулына үміткер болады, ол WBА тұжырымы бойынша ауыр салмақта әлем чемпионы деген атаққа ие", - делінген жарияланымда.

Шүменов бірінші орта салмақ бойынша Бүкіләлемдiк бокс ассоциациясының (WBA) рейтингінде көшбастап тұр. Бұл салмақ дәрежесі бойынша қазақстандық боксшы 2014 жылы 13 желтоқсанда кіші-Томас Боббиге қарсы тек бір жекпе-жек өткізді және жеңіске жетті.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети