07 маусым 2014 20:38

Қазақстан қыздары Ресей құрамасын жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото kfb.kz сайтынан Фото kfb.kz сайтынан

Бокстан әйелдер арасындағы халықаралық төрт ел турнирінде Қазақстан қыздары теңдессіз шықты. Былғары қолғапты қыздарымыз бүгін Ресей құрамасын тізе бүктірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Бокстан әйелдер арасындағы халықаралық төрт ел турнирінде Қазақстан қыздары теңдессіз шықты. Былғары қолғапты қыздарымыз бүгін Ресей құрамасын тізе бүктірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы облысындағы AIBA-ның бүкіләлемдік алғашқы академиясында бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан төрт елдің боксшы қыздары арасында командалық халықаралық турнир ұйымдастырылған.

Бұл турнирде Қазақстан қыздары қарсыластарының бәрін айқын басымдықпен ұтып, топ жарды. Вадим Присяжнюк жаттықтыратын қыздарымыздың бұған дейін Моңғолия және Өзбекстан қыздарын жеңгенін жазғанбыз. Бүгін аяулы аруларымыз Ресей құрамасынан 7:2 есебімен басым түсті.

Қазақстан – Ресей – 7:2

48 келі: Назым Қызайбай – Екатерина Пинигина – 3:0,
54 келі: Дина Жоламан – Лилия Айтбаева – 2:1,
57 келі: Жанна Басқаева – Елена Градинар – 1:2
60 келі: Гүлжан Үббіниязова – Наталья Шадрина – 3:0,
64 келі: Зарина Цолоева – Александра Ордина – 2:1,
69 келі: Дариға Шәкімова – Саадат Абдуллаева – 3:0,
75 келі: Марина Вольнова – Екатерина Надолинская – 3:0,
81 келі: Мөлдір Базарбаева – Любовь Пашина – 0:3,
+ 81 келі: Ләззат Күнгейбаева – Саида Гамидова - 3:0.

Ал бүгінгі екінші кездесуде Моңғолия қыздары Өзбекстан құрамасынан басым түсті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети