22 ақпан 2015 20:18

Қазақстан Президенті Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. ©Theguardian.com Геннадий Головкин. ©Theguardian.com

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге WBA, IBO және WBC тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы атағын қорғауына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Геннадий Головкин Монте-Карлода ағылшын боксшысы Мартин Мюррейді жеңген болатын.

Жеделхатта Мартин Мюрреймен жекпе-жектегі жеңіс мақсаткерліктің, қажырлы еңбек пен жоғары шеберліктің кезекті жемісі екені айтылған. Мемлекет басшысының айтуынша, Геннадий Головкин осы қасиетінің арқасында ғаламшардағы ең мықты боксшылардың бірі деген атаққа лайықты екенін дәлелдеді. 

"Қазақстандықтар сенің әрбір табысыңа қуанады. Біз сенің келесі жекпе-жектерің де отандық спорттың мәртебесін асырып, бұдан да жоғары деңгейге көтеретініне, өскелең ұрпаққа үлгі болатынына сенімдіміз", - делінген жеделхатта. Соңында Елбасы қазақстандық боксшыға мықты денсаулық және жаңа жеңістер тіледі.

Еске сала кетейік, 21 ақпаннан 22 ақпанға қараған түнде Монте-Карлодағы (Монако) Salle des Etoiles аренасында Геннадий Головкин ағылшын боксшысы Мартин Мюррейді 11-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Кездесу барысында Мюррей үш рет нокдаунға түсті. Осылайша барлық 32 кездесуінде де жеңіске жетіп отыр (29 нокаут) және 19 рет уақытынан бұрын жеңіске жетті. Қазақстандық боксшы америкалық Майк Тайсонның рекордын қайталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети