17 желтоқсан 2017 09:29

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев Сондерс-Лемье бокс кешінде жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақтағы жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев кәсіпқой рингтегі 11-ші жеңісіне жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақтағы жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев кәсіпқой рингтегі 11-ші жеңісіне жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

26 жастағы Жүкембаевтің қарсыласы 22 жастағы америкалық Уилберт Лопес болды. Жекпе-жек сегіз раундтан тұрды. Судьялардың бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша 80:72 есебімен қазақстандық жеңіске жетті.

Жүкембаев үшін бұл кәсіпқой рингтегі 11 кездесуіндегі 11-ші жеңісі. Ал америкалық Уилберт Лопес 20 кездесу өткізіп, оның тоғызында жеңіліске ұшыраған.

Айта кетейік, бокс кеші Канададағы 10 300 көрерменге арналған Place Bell аренасында өтіп жатыр. Бокс кешінің басты кездесуі канадалық Давид Лемье мен ұлыбританиялық Билли Джо Сондерстің жекпе-жегі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети