01 тамыз 2015 17:01

Қазақстандық боксшы мексикалықты кездесудің 38-ші секундында нокаутқа жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Sk-sport.kz © Sk-sport.kz

Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев кәсіби бокстағы бесінші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев кәсіби бокстағы бесінші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

24 жастағы Сойлыбаев мексикалық боксшы Серхио Нахерге қарсы шықты. Diamondring.kz басылымының мәліметінше, жекпе-жек басталғаннан бері Сойлыбаев соққы жасауға кірісті. Қазақстандықтың соққысы дәл тиіп, қарсыласы құлады. Мексикалықтың ары қарай төбелесе алмайтынын көрген төреші жекпе-жекті 38-ші секундта тоқтатты. Толығырақ мына жерден оқыңыздар.

Бұған дейін Бекман Сойлыбаев Лос-Анджелесте Fight Night MMA and boxing аясында өткен жекпе-жекте жеңіске жеткен болатын. Қазақстандық кәсіби боксшы ринг қожайыны, америкалық Хосе Гомеспен кездесті. Алты раундқа жоспарланған кездесу үшінші раундта аяқталды - Сойлыбаев қарсыласын нокаутқа жіберді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети