24 қаңтар 2017 13:37

Қазақстандық промоутер Головкин Астанада жекпе-жек өткізеді деген хабарға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ringside Report © Ringside Report

Қазақстандық промоутер Болат Манкенов Vesti.kz басылымына берген сұхбатында орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен ұлыбританиялық Билли Джо Сондерстің Астанада жекпе-жек өткізуі қаншалықты шындыққа жанасатынын айтты.


Қазақстандық промоутер Болат Манкенов Vesti.kz басылымына берген сұхбатында орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен ұлыбританиялық Билли Джо Сондерстің Астанада жекпе-жек өткізуі қаншалықты шындыққа жанасатынын айтты.

"Сондерс - Головкинде жоқ чемпиондық белбеудің иесі. Екі боксшы Қазақстанда жекпе-жек өткізсе, үлкен оқиға болар еді. Алайда келісімшарт болмайынша, мұның барлығы қауесет болып қала бермек. Қазақта мақал бар ғой: "Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды". БАҚ өкілдері осы жайлы айтып жатса, онда жекпе-жек өтуі мүмкін деген сөз. Мүмкін, Головкин Джейкобспен кездескеннен кейін ресми түрде хабарлама жасайтын шығар", - деді промоутер Манкенов.

Оның айтуынша, боксшылар жекпе-жекке дайындық мәселелерін дұрыс шешсе, Қазақстан тарапы қатты шығынға ұшырамайды.

"Егер командалар келіссе, шығынның бәрін Қазақстанға іледі. Бұл үлкен индустрия, сондықтан олар да демеушілер тартады. Мұндай деңгейдегі оқиғаны ұйымдастыру біздің мойнымызға ғана артылмайды. Былтыр бізге HBO өкілдері келіп, "Астана Аренаға" риза болып қайтқан. Жекпе-жек Қазақстанда өтсе, "Астана Аренадан" артық жер жоқ. Ал жекпе-жек ЭКСПО аясында өтетіндіктен, онда ине шаншар орын болмасы анық. Мен Гена осы жекпе-жекті Астанада өткізгенін қалаймын. Бұл бокс тарихына енетіндей әлемдік деңгейдегі оқиға болар еді", - дейді промоутер.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети