29 мамыр 2016 20:27

Криштиану Роналду Головкинді Чемпиондар лигасының финалына шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкиннің Instagram желісіндегі парақшасы Головкиннің Instagram желісіндегі парақшасы

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) мадридтік "Реалдың" форварды Криштиану Роналдудың шақыртуымен Чемпиондар лигасының финалына көрермен болып барды. Бұл туралы Vesti.kz.

Еске салайық, турнирдің "Реал" мен мадридтік "Атлетико" кездескен финалы Миландағы "Сан Сиро" стадионында өткен еді. Ойынның негізгі және қосымша уақыты 1:1 есебімен аяқталған болатын, кейін пенальтилер сериясында корольдік клубтың футболшылары жеңіске жетті.

Осылайша, "Реал" өз тарихында Чемпиондар лигасында он бірінші рет жеңіске жетіп, турнирдің көшбасшысы болып қалып отыр. Ал "Атлетико" өз тарихында финалға үш рет шығып, үш мәрте жеңіліс тауып отыр (1973/74 және 2013/2014.)

Головкин Instagram желісіндегі парақшасында "Реал" клубын құттықтап, Роналдуға шақырғаны үшін алғыс айтты және "Сан Сиро" стадионында түскен суретін жариялады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети