17 сәуір 2014 16:28

Кіші Чавес Головкинмен жекпе-жек өткізуден бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хулио Сезар кіші Чавес. Фото 3morerounds.com сайтынан алынды Хулио Сезар кіші Чавес. Фото 3morerounds.com сайтынан алынды

WBC тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы, мексикалық Хулио Сезар кіші Чавес орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге қатысты ұсынысты қабылдамай қойды, - деп хабарлайды Vesti.kz Boxingscene.com сайтына сілтеме жасап.

Боксшылардың жекпе-жегі 19 шілдеде Лос-Анджелесте өтуі тиіс болған. Кіші Чавес Top Rank компаниясымен ұзақ мерзімді келісім-шарттың қанағаттанарлықсыз жағдайына байланысты Головкинмен жекпе-жекке шығудан бас тартты. Былайша айтқанда, төменгі кепілдікті қаламақыға мексикалық боксшының көңілі толмаған. Оның толық нұсқасын осы жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы француз Хассан Н’Дам Н’Жикам Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге ықылас білдірген. Америкалық боксшы Питер Куилин де Головкинмен айқасуға дайын екендігін хабарлаған. Сонымен бірге ол қазақстандық боксшымен тек қомақты ақша үшін жекпе-жек өткізетінін айтқан. 

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин соңғы рет шаршы алаңға 2014 жылдың ақпан айында шыққан. Ол кезде ол ганалық Осуману Адамамен жекпе-жекке шығып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Айта кетейік, қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі 19 шілдеде АҚШ-та кіші Чавеспен өтуі тиіс болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети