19 наурыз 2017 12:15

Қуат "Найман" Хамитов: Головкин бокстан кетуі керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Спортшы Қуат "Найман" Хамитов Головкин-Джейкобс жекпе-жегінің қорытындысына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Спортшы Қуат "Найман" Хамитов Головкин-Джейкобс жекпе-жегінің қорытындысына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хамитовтың айтуынша, бұл жекпе-жекте Головкиннің Андре Уордтан не себепті қашып жүргені белгілі болған. "Найман" отандасын жеңісімен қазақ тілінде құттықтады. "Жеңіс құтты болсын! Бірақ 5-7 раундтар Джейкобстың еншісінде. Нокдаун болды. Кем дегенде тең! Головкин - Уорд жекпе-жегін осы себептен көре алмаймыз. Гена бокстан кетуі керек еді. Жас келді", - деп жазды Хамитов Instagram желісінде.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы бүгін, 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын. Кездесудің толық видеосын мына жерден көре аласыздар.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети