19 тамыз 2016 02:27

Кубалық бокс емес, порнография көрсетті. Бұл масқара! - Ниязымбетовтың Лондон Олимпиадасындағы қарсыласы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олимпиада чемпионы ресейлік Егор Мехонцев қазақстандық Әділбек Ниязымбетов пен Хулио Сесар Ла Крустың Рио-де-Жанейро Олимпиадасының финалдық кездесуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz


Олимпиада чемпионы ресейлік Егор Мехонцев қазақстандық Әділбек Ниязымбетов пен Хулио Сесар Ла Крустың Рио-де-Жанейро Олимпиадасының финалдық кездесуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Бұл жекпе-жекте қазылардың бірауыздан жасаған шешімі бойынша Ла Крус жеңді және алтын медальдің иегері атанды. Алайда Мехонцев кубалықтың рингтегі жұдырықтасу мәнері ұнамай қалыпты. 

"Бұл бокс емес, порнография. Мұны кубалық жасады. Бұл бокс масқарасы!", - деп жазды Мехонцев Instagram желісіндегі парақшасында. 

Айта кетейік, ресейлік боксшы 2012 жылғы Олимпиаданың финалында Ниязымбетовты жеңген болатын. Бірақ бүгінгі жекпе-жекте ресейлік боксшы отбасымен бірге қазақстандықтың жанкүйері болыпты.

Ал бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов бұл жекпе-жекте өз шәкірті жеңіске жетті деп есептейтінін мәлімдеп отыр. "Ол Әділбекті жеңді деп айта алмаймын - қашып жүрді. Бірақ бұл бокс, кубалықтың соққылары тиіп жатты. Алайда Әділбектің соққылары мықтырақ болды. Барлық үш раундта қарсыласына соққы дарыта білді. Әлемнің үш дүркін чемпионын құлата салу оңай емес. Меніңше, Әділбек жеңді. Залдағылар да осылай дейді. Қазақстанның жеңгенін барлығы айғайлап жатты", - деді бас бапкер шәкіртінің жекпе-жегінен кейін берген сұхбатында.

Әділбек Ниязымбетов пен Хулио Сесар Ла Крустың жекпе-жегін мына жерден көре аласыздар.

 

ЭТО БЫЛ НЕ БОКС А ПОРНОГРАФИЯ!!! И УСТРОИЛ ЕЕ КУБИНЕЦ!!! ЭТО ПОЗОР БОКСА!

Фото опубликовано Egor Mekhontsev (@egor_mekhontsev)

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети