01 қыркүйек 2015 12:07

Лемье Головкинге қарсы жекпе-жекте екі раундқа ғана шыдайды - кіші Чавес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Давид Лемье. © REUTERS Давид Лемье. © REUTERS

Орта салмақта экс-чемпион, мексикалық боксшы Хулио Сезар Чавес қазақстандық Геннадий Голвкин мен IBF чемпионы Давид Лемье арасында өтетін жекпе-жек туралы өз болжамын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақта экс-чемпион, мексикалық боксшы Хулио Сезар Чавес қазақстандық Геннадий Голвкин мен IBF чемпионы Давид Лемье арасында өтетін жекпе-жек туралы өз болжамын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мексикалық боксшының ойынша, бұл жекпе-жекте GGG жеңіске жетеді. "Кез келген боксшы қауіпті, дегенмен Головкин Лемье үшін тым мықты. Менің ойымша, Головкин бірінші немесе екінші раундта жеңіске жетеді", - деді кіші Чавес.

Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасына жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Айта кетейік, WBC тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы кіші Чавес орта салмақтағы WBA және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге қатысты ұсынысты қабылдамай қойған болатын. Боксшылардың жекпе-жегі 19 шілдеде Лос-Анджелесте өтуі тиіс болған. Кіші Чавес Top Rank компаниясымен ұзақ мерзімді келісім-шарттың қанағаттанарлықсыз жағдайына байланысты Головкинмен жекпе-жекке шығудан бас тартты. Былайша айтқанда, төменгі кепілдікті қаламақыға мексикалық боксшының көңілі толмаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети