14 қазан 2015 13:00

Лемье Головкиннің басын жұлып алуға дайын - Хопкинс

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Telegraf.com © Telegraf.com

Golden Boy Promotions жетекшілерінің бірі Бернард Хопкинс канадалық боксшы Давид Лемьенің Геннадий Головкинге мәселе тудыратынын айтты, - деп хабарлайды Boxingscene.com. Бұл туралы Vesti.kz жазды.


Golden Boy Promotions жетекшілерінің бірі Бернард Хопкинс канадалық боксшы Давид Лемьенің Геннадий Головкинге мәселе тудыратынын айтты, - деп хабарлайды Boxingscene.com. Бұл туралы Vesti.kz жазды.

Хопинстің айтуынша, ол өткен аптада Монреалда Лемьенің дайындығын көріп қатты таңырқаған. "Давид орта салмақта чемпион атануға дайын. Мен оның Монреалда дайындығын көрдім. Ол Головкиннің басын жұлып алуға дайын", - деді Хопкинс.

Оны Golden Boy вице-президенті Эрик Гомес те қолдады: "Мен Давидті үш апта бұрын көрдім. Ал қазір ол күштірек әрі жылдамырақ бола түскен. Бұл түн Головкин үшін қауіпті болады", - деді ол.

Айта кетейік, екі боксшы арасындағы кездесу 17 қазанда Madison Square Garden аренасында өтеді. Астана уақыты бойынша жекпе-жек жексенбі, 18 қазан күні таңертең басталады. "Қазақстан" телеарнасы таңғы сағат 7:55-тен бастап кездесуді тікелей трансляциялайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети