19 ақпан 2017 11:57

Маған "Канело" мен Коттоны беріңдер - Қанат Ислам

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/kanatislamcom © vk.com/kanatislamcom

Бірінші орта салмақта WBO Intercontinental және WBA Fedelatin нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Қанат Ислам атақты боксшыларға жұдырықтасуға шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бірінші орта салмақта WBO Intercontinental және WBA Fedelatin нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Қанат Ислам атақты боксшыларға жұдырықтасуға шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бразилиялық боксшы Робсон Ассиспен болған кездесуден кейін, қазақстандық былғары қолғап шебері мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен және пуэрторикалық Мигель Коттомен шаршы алаңда кездескісі келетінін жеткізді. "Мен ерекше ынтамен дайындалдым. Маған "Канело" мен Коттоны беріңіздер, мен көбірек жекпе-жек өткізгім келеді. Мен шаршы алаңда өліп кетуге дайынмын. Менің нағыз уақытым келді", - деді Ислам жекпе-жектен соң.

Еске салайық, қанат Ислам мен Робсон Ассис арасындағы кездесу 18 ақпанда АҚШ-та өтті. Қазақстандық боксшы бразилиялық қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді.  

Бұл Қанаттың 23-і жеңісі, ол кәсіпқой бокста 23 кездесу өткізіп 19-ында уақытынан бұрын (нокаутпен) аяқтаған. Осы нәтижесінің арқасында ол Boxrec.com нұсқасы бойынша рейтингте айтарлықтай көтерілген. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети