14 тамыз 2017 09:18

МакГрегор Головкинді сынап тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Конор МакГрегор қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) жайлы пікір білдірді. 


Жеңіл салмақта UFC чемпионы Конор МакГрегор қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (49-1-1, 34 КО) жайлы пікір білдірді. 

Нақтырақ айтсақ, ол Альваресті аз қозғалады деп, ал Головкинді спорттық қалыбы нашар деп сынады. 

"Головкиннің де, Альварестің де жанкүйері емеспін. "Канело" аз қозғалады. Оның видеосын көргенмін, аяғы жоқ сияқты. Головкин болса лагерьге дайындықсыз келде, спорттық қалыбы нашар. Лагерьде көріп, әбден қажыған адам екенін байқадым. Олар үздік саналса да, оларды өз басым үздік дей алмаймын. Жеңіл жігіттер мықтырақ", - деп келтіреді МакГрегордың сөзін "Чемпионат". 

Ал осының алдында Головкин МакГрегорды Флойд Мейвезермен (49-0, 26 КО) жекпе-жекке шығатыны үшін сынаған еді. Қазақстандық бұл жекпе-жекті нағыз спорт емес шоу жекпе-жек деп атаған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети