10 ақпан 2017 18:12

Марат Мәзімбаев Жанат Жақияновқа кеңес берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© boxingscene.com © boxingscene.com

Кәсіпқой бокста есімі бүкіл әлемге тараған қазақстандық боксшы Марат Мәзімбаев Vesti.kz сайтына берген сұхбатында Жанат Жақияновқа америкалық боксшы Роуши Уорренмен алда өткізетін жекпе-жекте қалай жұдырықтасуы керектігін айтты.


Кәсіпқой бокста есімі бүкіл әлемге тараған қазақстандық боксшы Марат Мәзімбаев Vesti.kz сайтына берген сұхбатында Жанат Жақияновқа америкалық боксшы Роуши Уорренмен алда өткізетін жекпе-жекте қалай жұдырықтасуы керектігін айтты.

"Жанат үшін бұл америкалық аренада өзін көрсетуге жақсы мүмкіндік. Егер осы титулдық кездесуді жеңсе, ол өзіне үлкен жекпе-жектерге жол ашады. Мұндай мүмкіндіктер өмірде бір-ақ рет беріледі және оны қолдана ала білу керек. Әрине, Жанаттың қарсыласы өте мықты. Уореннің әуесқой бокста тәжірибесі өте мол. Ол жәйден жай кәсіпқой бокста әлем чемпионы болған жоқ. Барлығы Жанаттың қолында, дайындығына байланысты. Бұл бокс, мұнда барлығы да болады. Бір соққы кездесудің қорытындысын шешіп жіберуі мүмкін. Жанатқа болысып, жанкүйер боламыз. Ол өзін көрсетеді деп сенемін. Мен Жанатты жақсы білемін. Промоутерлік қызметпен айналысқан кезімде, ол бокс кештерінде өз өнерін көрсетіп жүрді. Оның спорттағы мансабына өз үлесімді қостым десемде болады. Ол осы кездесуді жеңіспен аяқтаса қуанышым шексіз болар еді", - деді Мәзімбаев.

"Оның жүйке жүйелері мықты - кездесу алдында "жанып кетпейді". Соққысы ауыр. Кәсіпқой боксшы үшін не керектің барлығы бар. Жанатқа жақсы дайындық керек. Ол өзінің қарсыласының үйінде жұдырықтаспақшы. Егер тең түсіп жатса, жеңісті оның қарсыласына беріп жіберуі мүмкін. Жанаттың қарсыласы ауыр соққылармен көзге түскен емес, осыны пайдалану керек. Соққыларды үдетіп, нағыз ерлер боксын көрсету керек және соның арқасында жеңіске жетуі тиіс", - деді атақты боксшы.

Еске салайық, қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов америкалық Роуши Уорренмен 10 ақпанда АҚШ-та (Астана уақытымен 11 ақпанның таңғы уақытында) өтеді. Жақияновтың АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегі. Бұған дейін ол 12 елде жұдырықтасқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети