18 ақпан 2015 18:53

Мартин Мюррей: Головкиннің басын жұлып алғым келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мартин Мюррей. Фото Геннадий Головкиннің әлеуметтік желідегі ресми парақшасынан Мартин Мюррей. Фото Геннадий Головкиннің әлеуметтік желідегі ресми парақшасынан

32 жастағы ағылшын Мартин Мюррей WBA (Super) және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен кездесуге дайындық барысында қандай көңіл-күйде болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Boxingscene.com басылымына сілтеме жасап. Боксшы туыстарынан және БАҚ өкілдерімен байланысты үзіп, Оңтүстік Африка Республикасында дайындалған.

"Отбасымнан шалғайда болудан қатты қиналдым", - дейді Мюррей. - Мен оларды бес апта бойы көрмедім, бұл өте ауыр болды. Қазір бәрі де аяқталды деп ойлаймын, бірақ сол уақыттар мен үшін тозақтың нағыз өзі болды. Жалғыз болдым. Бұлай ету мен үшін қажет еді. Сондықтан еш өкінбеймін".

Осы жағымсыз көңіл-күйін Мюррей Головкинмен кездесу барысында қолданғысы келеді. "Баспасөз мәслихатында кәсіби тұрғыда, әдепті боламын. Бірақ жұдырықтасу сәті түскенде мен оның басын жұлып алғым келеді. Ол да сөйткісі келетін шығар. Біз әдеппен қол алысамыз, бірақ сенбі күні мұның бәрі ұмытылады", - деді ағылшын боксшысы.

Еске сала кетейік, Головкин - Мюррей жекпе-жегі 21 ақпан күні Монакода Salle des Etoiles аренасында өтеді. Оны әлем бойынша HBO телеарнасы, Қазақстан бойынша "Қазақстан" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Жекпе-жек Астана уақыты бойынша сағат 04.45-те басталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети