28 тамыз 2019 22:04

"Мен Қазақстаннанмын, бұл Ресей емес!" - Головкин америкалық журналистерге

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Fox News радиостанциясындағы The Ashley Webster Experience бағдарламасында америкалық журналистерді ыңғайсыз жағдайға қалдырды, деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Fox News радиостанциясындағы The Ashley Webster Experience бағдарламасында америкалық журналистерді ыңғайсыз жағдайға қалдырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Шоудың жүргізушілері Головкиннің ресейлік боксшылар туралы пікірін білуге тырысты, бірақ қазақстандық басқа елден келгенін айтты.

- Ресейлік боксшылар - мықты. Өте мықты.
- Кім? Маған атаңыз? Ешкім білмейді, - деді Головкин.

- Біз сенен сұрағымыз келді.
- Мен Ресейден емеспін.

- Қазақстаннан, окей.
- Бұл Ресей емес!

- Бұрын бұл Кеңес Одағы болды.
- Көп уақыт бұрын, иә.

Естеріңізге сала кетейік, қазір Головкин украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін кездесуге дайындалып жатыр. Кездесу 5 қазанда өтеді және Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында бокс кешінің басты оқиғасы болады, ал АҚШ-та оны DAZN стриминг сервисі көрсетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети