27 тамыз 2017 10:55

Мейвезер МакГрегорды нокаутпен жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Америкалық аңыз боксшы Флойд Мейвезер UFC чемпионы Конор МакГрегорды техникалық нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Америкалық аңыз боксшы Флойд Мейвезер UFC чемпионы Конор МакГрегорды техникалық нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ирландиялық қалай болса да сәт сайын соққы жасап қалуға тырысумен болды. Бокс ережесіне сәйкес келсе де, келмесе де қамданып бақты. Тәжірибелі Мейвезер қарсыласының шабуылынан сытылып шығып кетумен болды. Ал кәсіпқой бокс шаршы алаңына алғаш рет шыққан Конордың соңғы раундтарда шаршап қалғаны айқын байқалды. Тоғызыншы раундтағы америкалық боксшының соққылары қарсыласын есеңгіретіп, оныншы раундта Мейвезер техникалық нокаутпен айқын жеңіске жетті.

Айта кетейік, Мейвезер мен МакГрегор бұл жекпе-жектен 100 миллион доллардан аса ақша алады, ал ұйымдастырушылар шамамен 600 миллион доллар ақша алады. Бұл соманы боксшылар міндетті түрде алады, жекпе-жек нәтижесіне қарамастан. Бірақ бұл сомаға бонустар мен ақылы трансляциядан (pay-per-view) түсетін қаражат қосылмаған екен. Осыған байланысты боксшылардың гонорары көбеюі мүмкін. 

Соққылар статистикасы:

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети