06 маусым 2014 16:23

Моңғол қыздарын мысымыз басып, өзбек өрімділерінен өктем түстік

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото kfb.kz сайтынан Фото kfb.kz сайтынан

Алматы облысының Талғар ауданында бой көтерген AIBA-ның ең алғашқы бүкіләлемдік академиясында бокстан әйелдер арасында командалық халықаралық турнир басталып, Қазақстан қыздары екі рет жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Алматы облысының Талғар ауданында бой көтерген AIBA-ның ең алғашқы бүкіләлемдік академиясында бокстан әйелдер арасында командалық халықаралық турнир басталып, Қазақстан қыздары екі рет жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақ топырағындағы AIBA-ның бүкіләлемдік академиясына төрт елдің (Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Моңғолия) боксшы қыздары жиналып, бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Басты мақсаттары – алдағы жазғы Азия ойындары мен әлем чемпионатына дайындалып, тәжірибе алмасу.

Әрі тек жаттығу жұмыстарын өткізіп қана қоймай, халықаралық турнир өткізіп, боксшы қыздарды шаршы алаңдағы шынайы жекпе-жектерде шыңдауға да қарастырған.

Қазақстан – Моңғолия – 11:2
Кеше алғашқы кездесулер өтті. Вадим Присяжнюк жаттықтыратын Қазақстан қыздары Моңғолия құрамасын 11:2 есебімен тізе бүктірді. Ал Ресей қыздары 7:3 есебімен Өзбекстан құрамасынан басым түсті.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында мына аруларымыз жеңіске жетті:
Назым Қызайбай, Алина Тұрлыбаева (екеуі де – 48 келі), Жайна Шекербекова (51 келі), Дина Жоламан (54 келі), Оксана Королева (57 келі), Алуа Әбдіраимова, Феруза Шәріпова (екеуі де – 60 келі), Зарина Цолоева (64 келі), Дариға Шәкімова (69 келі), Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Марина Вольнова, Анастасия Рылина (екеуі де – 75 келі).

Өкінішке қарай, Жанна Басқаева (57 келі) және Ұлбосын Әлменова (60 келі) өз қарсыластарына есе жіберіп алып, ұтылып қалды.

Қазақстан – Өзбекстан – 8:0
Бүгін Қазақстан қыздары Өзбекстан құрамасымен кездесті. Бапкерлер құрамы аздаған өзгерістер енгізіп, басқа қыздарымызға да мүмкіндік берсе де, Қазақстан арулары үстемдік танытып, барлық жекпе-жекте де жеңіске жетті.

Атап айтқанда, мына қыздарымыз өз қарсыластарынан басым түсті:
Алина Тұрлыбаева (48 келі), Жайна Шекербекова (51 келі), Сәния Сұлтанқызы, Жанна Басқаева (57 келі), Гүлжан Үбіниязова (60 келі), Саида Хасенова (64 келі), Гауһар Ермекбай (69 келі), Анастасия Рылина (75 келі).

Бір көңіл аударарлығы, тек Гүлжан Үбіниязова ғана өз қарсыласын 2:1 есебімен ұтты, ал қалған қыздарымыз 3:0 есебімен басымдық танытты.

Қазір Талғардағы AIBA бүкіләлемдік академиясының шаршы алаңында Ресей және Моңғолия қыздары жұдырықтасып жатыр. Ал ертең Қазақстан қыздары әлем және Еуропа чемпионы Олеся Гладкова бастаған азулы Ресей құрамасымен кездеседі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети