08 қазан 2015 10:38

Өзімді 20 жастағыдай сезінемін! - Геннадий Головкин

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. © bleacherreport.com Геннадий Головкин. © bleacherreport.com

Орта салмақта WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Boxingscene.com басылымына берген сұхбатында өзін жас сезінетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақта WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Boxingscene.com басылымына берген сұхбатында өзін жас сезінетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен өзімді тамаша сезінемін. Өзімді 20 жастағыдай сезінемін. Бернанд Хопкинске қараңыздаршы, ол өзінің 50 жасында 30-дағыдай көрінеді", - деді Головкин.

Айта кетейік, Геннадий Головкин Давид Лемьемен кездесуіне дайындалып жатыр. Таяуда ол ашық түрдегі жаттығуын өткізді, оның суреттерін мына жерден көруге болады.

Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Айта кетейік, Головкиннің қоржынында 33 жеңіс бар, олардың 30-ы нокаутпен аяқталған, өткізген жекпе-жектерінің саны - 33.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети