28 тамыз 2017 09:57

Промоутер Головкиннің Мигель Коттомен жекпе-жек өткізу мүмкіндігі туралы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мигель Котто мен Геннадий Головкин. © Tha Boxing Voice Мигель Котто мен Геннадий Головкин. © Tha Boxing Voice

Бокстан орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер бірінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша жаңадан чемпион атанған Мигель Коттомен (41-5, 33 КО) жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz

36 жастағы Котто 27 тамызда таңғы уақытта Карсон қаласында (АҚШ, Калифорния штаты) жапон Йошихиро Камегаиды қазылар алқасының бір ауыздан берген даусымен жеңіп, бос тұрған титулды алған болатын. Жекпе-жектен кейін Фредди Роуч желтоқсандағы келесі жекпе-жекте 16 қыркүйекке белгіленген Геннадий Головкин - Сауль Альварес жеңімпазымен кездесуді қалайтынын мәлімдеген. 

"Мигель Коттомен жекпе-жек өткізуге қуана келісер едік. Оны Серхио Мартинесті жеңген уақытынан бастап құрметтеп келдік. Сол уақытта біз Серхиомен біріккен чемпиондық атаққа талас жекпе-жегін өткізгіміз келген, бірақ қолдан келмеді, уақыт қолайсыз еді. Ал Мигель оны жеңді. Головкин 16 қыркүйекте жеңіске жетсе, жыл соңында Коттомен жекпе-жек өткізу тамаша болар еді", - деп мәлімдеді Леффлер Behind The Gloves-ке берген сұхбатында. 

Мұның алдында Boxing News журналы Коттоның карьерасын аяқтауға қоштасу жекпе-жегіне үздік қарсыластарды атап, онда көш басында Головкин - Альварес жұбының жеңімпазы тұрған еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети