05 наурыз 2014 10:55

Шаршы алаңның қас шебері – Шүменов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет allboxing.ru сайтынан Сурет allboxing.ru сайтынан

WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақта әлемнің супер чемпионы атанған жерлесіміз Бейбіт Шүменов 19 сәуір күні кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. 49 жастағы америкалық Бернард Хопкинспен өтетін кездесу Бейбіттің спорттық ғұмырындағы ең тартысты айқастардың бірі болмақ. Бүгінде Бейбіт Шүменов Вашингтонда өтетін бокс кешіне қызу дайындық жүргізуде. – Менің бүгінгі таңдағы ең негізгі мақсатым – кезекті жекпе-жекте жеңіске жету. Дайындық барысы жаман емес. Атап айтар болсам, менің жаттығу кезеңім түрлі бөлімдерден тұрады. Мәселен, таңертеңгісін ауыр салмақты зілтемір көтерсем, одан соң жүзу мен жүгіруге көңіл бөлемін. Кешке қарай боксқа ден қоямын. Гимнастика мен күресті де ұмыт қалдырмаймын. Жалпы алғанда, бір күннің ішінде 10-12 сағатым жаттығу жұмысына кетеді, – деді Бейбіт, арнайы хабарласқанымызда. Өздеріңіз білесіздер, Бейбіт Шүменов 2007 жылдан бері кәсіпқой бокска бет бұрған. Бүгінге дейін 14 кездесу өткізіп, оның 13-інде жеңіске жетті. Бейбіттің кәсіби бокстағы алғашқы бапкері – әлем чемпионы Майк Маккалум. Кейін Сеул Олимпиадасында бокстан АҚШ құрамасының бас бапкері болған Кени Адамспен бір командада болды. Жерлесімізбен жұмыс істеген бапкерлер қатарында Лос-Анджелес Олимпиадасының күміс жүлдегері Кевин Берри де бар. Бүгінде Бейбіт Дюи Купер есімді боксшымен бірге жаттығады. Бейбіт Шүменов бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Афины Олимпиадасына қатысып, Азия чемпионатында топ жарғанын да қазақ боксының жанкүйерлері жақсы біледі. Бейбіттің кәсіби боксқа қызығушылығын арттырған – әйгілі Майк Тайсон. Ал отандық былғары қолғап шеберлерінің ішінен Серік Қонақбаев, Виктор Демьяненко, Ермахан Ыбырайымов және Болат Жұмаділовтерді өзіне үлгі тұтады. Кезінде аз уақыт күреспен шұғылданғандықтан, Жақсылық Үшкемпіров пен Дәулет Тұрлыхановтай даңқты балуан болғысы келгенін де Бейбіт сөз арасында айтып қалды. Өз кезегімізде бүгінгі таңда АҚШ-та тұрып жатқан жерлесіміздің келесі жекпе-жегіне сәттілік тілейміз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети