13 наурыз 2014 15:43

Шүменов – Хопкинс: Көз арбасу рәсімі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет boxingscene.com сайтынан Сурет boxingscene.com сайтынан

Кеше Нью-Йоркте WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлемнің супер чемпионы, қазақтың қайыс қолғапты қыраны Бейбіт Шүменовтің кезекті жекпе-жегіне байланысты баспасөз жиыны өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бейбіттің 19 сәуір күні Американың 49 жастағы, есімі төрткүл дүниеге мәшһүр тарланбозы Бернард Хопкинспен қолғап түйістіретінін білесіздер. Ол – IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы. Нью-Йоркте өткен баспасөз жиынында кәсіпқой бокстың дәстүріне сай екі боксшы бір-біріне қарама-қарсы тұрып, көздерімен арбасты. Әу баста бұл жекпе-жек Нью-Йорктегі Бруклинде өтеді деп айтылған. Бірақ Шүменов пен Хопкинс Вашингтонда шаршы алаң көрігін қыздыратын болыпты. 30 жастағы қазақ боксшысы шетелдік журналистерге, атап айтқанда, Ringtv.com тілшілеріне берген сұхбатында былай депті: – Хопкинс – кәсіпқой бокс тарихындағы ең үздік чемпиондардың бірі. Мен Бернард секілді атақты һәм даңқты боксшымен әлі кездескен емеспін. Бұл менің ең ауыр жекпе-жегім болады. Мен оның айқастарын зерттеп, саралап жүрмін. Әр жолы мен оның өнерінен тың бірдеңе байқаймын. Бернардпен айқасқанда шектен тыс сақ болу керек, ол кездейсоқ қимыл-әрекет жасап отырады. Ол кез-келген стильді қолдана алады. Маған ерен боксшымен болатын жекпе-жеккке дайындалу керек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети