18 ақпан 2015 19:49

Тимур Құлыбаев боксқа қаржы бөлмейтін облыстарды сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тимур Құлыбаев. ©headline.kz Тимур Құлыбаев. ©headline.kz

Қазақстан бокс федерациясының төрағасы Тимур Құлыбаев боксқа қаржы бөлмейтін облыс басшыларын сынға алды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Оның айтуынша, елімізде бюджеттің негізгі сомасы футболға бөлінеді, бірақ бұдан еш нәтиже шығар емес.


Қазақстан бокс федерациясының төрағасы Тимур Құлыбаев боксқа қаржы бөлмейтін облыс басшыларын сынға алды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Оның айтуынша, елімізде бюджеттің негізгі сомасы футболға бөлінеді, бірақ бұдан еш нәтиже шығар емес.

Құлыбаевтың айтуынша, спорт бюджеті ортайғанымен боксқа оның еш әсері болмады. "Облыстарда бюджеттен боксқа бір тиын да бөлінбейді, бұл - жөнсіздік! Одан кейін жеңіске жеткен спортшылардың артынан қалай жүгіретіндеріне қараңыз, олардың қасынан табылғылары келеді - пәтер, шапан, джип пайда болады. Не деген ұятсыз адамдар, иә?! Бір тиын да салмайды және содан кейін абыройларын көрсете бастайды", - дейді Құлыбаев.

Бокс федерациясы төрағасының айтуынша, бюджеттен спортқа бөлінетін қаржы жыл сайын облыстар бойынша 3-4 миллиард теңгеге, ал Астана мен Алматыда 5-6 миллиард теңгеге дейін өзгеріп отырады. Ал оның негізгі сомасы футболға жұмсалады.

"Бюджеттің негізгі сомасы футболға бөлінеді, соған қарай нәтиже болса, тыныш отырар едік, қайдағы бір легионерлердің шақыртылып жатқанын көріп жүрміз ғой. Ақша сыртқа кетіп жатыр. Айналадағының бәріне белгілі, ол жердегі ахуал мәз емес. Бөлінген қаржы спорт инфрақұрылымына емес құрамындағылардың басым бөлігі екінші, үшінші сорттағы легионерлерден тұратын шеберлердің "жалған командаларына" жұмсалады. Бізге бәрібір, ниеттері болса, ойнай берсін, тек әр аймақ өзіне демеуші тапсын ", - деді ол. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Құлыбаевтың айтуынша, облыстық бюджет өңірдегі спорттың барлық түрін дамытумен айналысуы тиіс. Олар инфрақұрылымды дамытып, спортшыларды ұстап тұруы керек, бірақ жалғыз футболды ғана емес.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети