07 ақпан 2017 10:07

Юбенк Головкинмен 2016 жылы не себепті жұдырықтаса алмағанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Крис Юбенк. © ToFight.Ru Крис Юбенк. © ToFight.Ru

Екінші орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Крис Юбенк (24-1, 19 КО) өткен жылы орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен не себепті кездесу өткізе алмағанын айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі. 


Екінші орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Крис Юбенк (24-1, 19 КО) өткен жылы орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен не себепті кездесу өткізе алмағанын айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі. 

Юбенк Головкинмен 2016 жылдың қыркүйегінде кездесе алар еді. Бұл жекпе-жекті ұлыбританиялық әйгілі промоутер Эдди Хирн ұйымдастыруы керек болған, бірақ нәтижесінде қазақстандық жартылай орта салмақта IBF чемпионы Келл Брукпен кездескен еді. 

Кейін Хирн неліктен осылай болғанын түсіндірген. Айтуынша, Крис Юбенктің әкесі жекпе-жек ұйымдастыруды толықтай өз иелігіне алғысы келіп, тіпті Головкиннің гонорары қанша болатынын және андеркартта жұдырықтасатын боксшыларды өз таңдағысы келген. Хирн мұндай шартпен келіспей, Юбенкпен жұмыс істеуден бас тартқан.

Ал Юбенктің айтуынша, бұл қалыпты жағдай болған, ал Хирн жекпе-жекті өз боксшысына беруді ұйғарған.

"Мен Головкинмен кездескім келмей, жалтарып кеттім деуге болмайды, мен жұдырықтасқым келді, бірақ Хирн жекпе-жекті Брукке беріп қойды. Барлығы дайын болған, ал Хирн өзіне ыңғайлы жағдайды таңдай салды. Біз оның барлық шарты мен өзіне ғана қызықты бизнес-қылықтарына дайын емеспіз. Біз әділ қарым-қатынастың болғанын қалаймыз", - деп келтіреді боксшының сөзін BoxingScene.com.

Осыған дейін ұлыбританиялық боксшы Головкинмен биыл кездесетініне сенім білдірген болатын. "Бұл жекпе-жекті мен де, жанкүйерлер де қалап отыр. Оны кездесуге екі жылдан бері шақырып келемін", - деген еді ол.

Еске салайық, Юбенк өткен демалыс күндері Лондонда аустралиялық Ренольд Куинлинді жеңіп, IBO белбеуінің иегері атанған. Жекпе-жек аяқталғанда ол Головкинді рингке шақырған.

Ал Юбенктің әкесі он күннен кейін Головкиннің командасымен кездесіп, келіссөз мәселесін талқылайтынын мәлімдеген. Айтуынша, қазақстандықты "тірідей қуыратын жоспары" да дайын екен.

Айта кетейік, Юбенк Головкинмен өткен жылы-ақ кездесу өткізе алар еді, келіссөздер де жүргізілген. Алайда ұлыбританиялық боксшы тым көп гонарар сұрағандықтан, кездесу өтпей қалды. Сөйтсек, ұлыбританиялықтар 6 миллион доллардан бас тартыпты. Кейін Юбенк Головкинмен жекпе-жек өткізе алмағаны үшін ашуланғанын мәлімдеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети