29 желтоқсан 2015 14:31

2015 жылы жылжымайтын мүлікті автокөлікке айырбастау көп болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

2015 жылы жылжымайтын мүлікті автокөлікке айырбастау жағдайлары көп болған, - деп хабарлайды Krisha.kz


2015 жылы жылжымайтын мүлікті автокөлікке айырбастау жағдайлары көп болған, - деп хабарлайды Krisha.kz

"Көп жағдайда адамдар пәтерді тез арада сату қажеттілігі туғанда оны көлікке айырбастап, қосымша ақы алған, ал автомобиль сату одан да оңай болды. 2015 жылы "авто" сөзі кеңейтілген іздеу тармағына 6000 рет жазылған", - деп келтірді мәліметтерді сайт мамандары. Олар Krisha.kz мен Kolesa.kz сайттарындағы көлік-баспана айырбасы туралы хабарламалардың 10 мыңнан асқанын айтып өтті.  

Сарапшылар адамдардың көлікке құны 40 мың долларға дейінгі қымбат емес жылжымайтын мүліктерін (жер телімдері, саяжай және жекешелендірілген жатақханалардағы бөлмелер) және керісінше, қымбат тұрғын үй кешендеріндегі құны 150 мың доллардан жоғары пәтерлерді айырбастауға дайын болғанын айтып отыр. 

"Бірнеше сатушымен әңгімелесу арқылы олардың неліктен өз пәтерлерін айырбастауға дайын екендігін білдік. Үй иелерінің көбі пәтерді сатқаннан түскен қаражаттың белгілі бір бөлігіне көлік алғысы келеді екен. Сондықтан қосымша ақысымен келетін көлік оларға таптырмас пайда", - деді сарапшылар. - Тағы біреулері пәтерді көп уақыт бойы сата алмауымен түсіндірген. Олардың айтуынша, жер телімін немесе пәтерді темір тұлпарға айырбастап, автокөлікке деген сұраныстың көп болуына байланысты оны сату пайда болмақ екен. Бұл жағдай шұғыл арада қаражатты тапқысы келетіндерге ыңғайлы". 

Сонымен қатар, портал жылжымайтын мүлікке айырбастауға таптырмас көліктердің рейтингін жариялады. "Сонымен, ең тиімдісі - 2013 жылдан бергі жол талғамайтын көліктер, қозғалтқыш көоемі 2,5-3 литр де, беріліс қорабы автомат болуы керек: Toyota Land Cruiser Prado, Toyota RAV4, Renault Duster, Lexus RX 300 және Mini".

Сонымен қатар, сарапшылардың мәліметіне сүйенсек, сатып алушыларды қосымша ақысы аз, бірақ ауданы кең пәтерлер қызықтырған. Өтіп бара жатқан жылда көлік-жылжымайтын мүлік айырбасының кең қолданыста болғанын риелторлар да растап отыр. Олар өз кезегінде бұл жағдайларда қосымша ақысы төленетін айырбастардың көп болғанын айтады. "Көп жағдайда біздің клиенттерімізге белгілі бір мөлшерде қаражат қажет болды. Мәселен, кредит төлеу, қарыз төлеу, автомобиль сатып алу және сол сияқты себептер. Бірақ олар баспанасыз қалудан да қорықты. Біз оларға барынша арзан баспаналарды іздедік, ал екінші тарап қосымша ақысын төледі, бәрі риза", - деді "Квартира плюс Ко" жылжымайтын мұлік агенттігінің директоры Екатерина Меренова.

Оның мәліметінше, 2015 жылдың тамыз айының соңынан желтоқсан айының аралығында осындай айырбас үшін агенттікке өткен жылдағымен салыстырғанда үш есе көп адам келген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети