20 ақпан 2015 17:53

Алматыда пәтер нарығында баға төмендеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Алматыда пәтер нарығында баға төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Крыша" порталына сілтеме жасап.


Алматыда пәтер нарығында баға төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Крыша" порталына сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, Алматыдағы жылжымайтын мүліктің әр шаршы метрінің бағасы осымен екінші апта үздіксіз төмендеп барады. Қазіргідей төмен баға өткен жылдың шілде айынан бері болмаған, сондай-ақ Астанада да осыған ұқсас жағдай байқалды.

"2015 жылдың 10-17 ақпан аралығында "Крыша" индексі 0,27 пайызға немесе 1 855 шартты бірлікке төмендеді. Дегенмен пәтерді саудаға шығару 0,64 пайызға артты", - делінген жарияланымда.

Порталдың мәліметтеріне қарағанда, екі бөлмелі пәтерден басқаларының саудаға шығарылуы күрт артқан. Екі бөлмелі пәтерін сатушылардың саны 5,2 пайызға төмендеген, олардың саны - 666. Ал бір бөлмелі пәтерін сататындардың қатары 2,6 пайызға артқан, олар - 8580, үш бөлмелі пәтерін сататындар 3,1 пайызға артып, олардың саны  - 7680-ге жетті. Сонымен қатар, Алматы бойынша 1937 ұсыныс төрт бөлмелі, 247 ұсыныс бес бөлмелі пәтерді сатуға қатысты жасалған.

"Кірпіш үйлердегі сатылымның ахуалы тұрақты, алайда бұған қарағанда панелді және монолитті үйлердегі пәтерлер арзандады. Кірпіш үйлердегі пәтердің бағасы 0,4 пайызға, яғни 9 бірлікке артып, әр шаршы метрдің бағасы 2 032 шартты бірлікке жетті. Ал панель үйдегілер 0,6 пайызға, яғни 11 бірлікке арзандап, баға 1 742 шартты бірлік болды, ал монолитті баспана жарты пайызға, яғни 10 бірлікке төмендеп, оның орташа бағасы 1 988 шартты бірлікке төмендеді", - делінген жарияланымда. 

Айта кетейік, Алматы қаласы бойынша қазір екі бөлмелі пәтерлердің орташа бағасы 4 шартты бірлікке, бес бөлмелі пәтерлер 7 ш.б., бір бөлмелі пәтерлер 9 ш.б., ал үш бөлмелі пәтерлер 17 ш.б. төмен бағамен сатылып жатыр. Тек төрт бөлмелі пәтерлердің бағасы тұрақты қалпын сақтаған. Пәтер бағасының төмендеуі Алматының, әсіресе, Алмалы, Әуезов, Жетісу және Түрксіб аудандарында байқалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда тұрғын үйді сату-сатып алу мәмілелер санының 17,8 пайызға азайғаны хабарланған болатын. 2015 жылдың қаңтар айында тұрғын үйді сатып алу мен сатуға байланысты тіркелген мәмілелердің саны 11 384 болды, бұл көрсеткіш - өткен аймен салыстырғанда 17,8 пайызға төмен. Ал бұл көрсеткішті 2014 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 1,9 пайызға азайғаны белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети