02 шілде 2015 15:21

Астаналықтар мен алматылықтар үй алу үшін өзге аймақ тұрғындарына үйленбейтін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© bankist.ru © bankist.ru

"Тұрғын үй қатынастары туралы" заңға енгізілген өзгерістер мегаполис тұрғындарын өмірлік жолдасты мұқият таңдауға мәжбүрледі, - деп жазады "Крыша". Әңгіме 2015 жылы 12 қаңтарда күшіне енген 67-баптағы толықтырулар жөнінде.


"Тұрғын үй қатынастары туралы" заңға енгізілген өзгерістер мегаполис тұрғындарын өмірлік жолдасты мұқият таңдауға мәжбүрледі, - деп жазады "Крыша". Әңгіме 2015 жылы 12 қаңтарда күшіне енген 67-баптағы толықтырулар жөнінде.

Порталдың мәліметінше, түзетулерге сәйкес, баспана кезегіне тұру үшін азамат Астанада немесе Алматыда үш жыл тұруы тиіс. Сонымен қатар, депутат Светлана Романовскаяның сөзіне қарағанда, пәтер алуға үміттілердің тізіміне кімді кіргізіп, ал кімді кіргізбеуді жергілікті билік шешеді. Депутаттың айтуынша, Астана мен Алматы әкімдігінің қызметкелері бұл өзгерістерді отбасы мүшелеріне де пайдалана бастаған. Мысалы, мемлекеттік қызметкер пәтер алу кезегінде тұрып, өзге өңірдің тұрғынымен некесін қидырса, мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алу мүмкіндігінен айырылады.

"Осыдан кейін мынадай қорытынды шығаруға болады: Астана мен Алматыда өзге аймақтың тұрғындарына үйленуге заңмен тыйым салынды. Ал үйленіп алғандар болса, оларды тығырықтан шығаратын жалғыз жол - қағаз жүзінде ажырасу. Ажырасқаннан кейін баспаналы болу мүмкіндігі қайта пайда болады", - деп мәлімдеді депутат.

Айта кетейік, Светлана Романовская мұны коллизия деп атап, премьер-министрден бұл жағдайды реттеуді сұрады. Оның айтуынша, бұл іске қазір ешкім араласпайтын болса, алдағы уақытта бұл келеңсіздік әлеуметтік зардапқа шалдықтыруы мүмкін.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети