05 қаңтар 2016 11:42

Биыл Астанада мемлекеттік бағдарламамен қанша пәтер салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада 2016 жылы мемлекеттік бағдарламалар аясында 2 500 астам пәтер салынады. Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін жалпы ауданы 96,55 мың шаршы метрді құрайтын 1 758 пәтерлік 8 көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы жалғасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын аяқтайтын нысандар пайдалануға берілмек: Сарайшық көшесінің оңтүстігіне қарай, Мағжан Жұмабаев даңғылының шығысында орналасқан жалпы ауданы 21,8 мың шаршы метрді құрайтын 310 пәтерлік тұрғын кешендерінің құрылысы; Сарыбұлақ өзенінің бойында Нұрғиса Тілендиев даңғылының оңтүстігіне қарай орналасқан жалпы ауданы 3,20 мың шаршы метрлі 62 пәтерлік КТК. 

Арендалық тұрғын үй бағыты бойынша Оңтүстік-Шығыс ауданында жеке тұрғын үй құрылысы ауданында жалпы ауданы 14,40 мың шаршы метрді құрайтын 217 пәтерлік тұрғын үй кешенін, Оңтүстік-Шығыс ауданында жеке тұрғын үй құрылысы ауданында жалпы ауданы 5,10 мың шаршы метрді құрайтын 95 пәтерлік тұрғын үй кешенін, сонымен қатар, Көктал кентінің оңтүстік-шығысына қарай жалпы ауданы 16,30 мың шаршы метрді 293 пәтерлік тұрғын үй кешенін салу жоспарланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети