17 ақпан 2014 18:25

Ипотекалық несие қымбаттайтын өңірлер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

11 ақпан күні ақпандатып келген алапат ел экономикасына қалай әсер еткенін қайдам, ал қарақұрым қарапайым жұрттың қалтасындағы онсызда аз ақшаны бір сәтте жұтып алды. "Девальвацияның зардабы ауыр болайын деп тұр. Әсіресе, ипотекаға үй алғандар жағдайының қиындайтыны анық, яғни несиені шетел валютасымен қайтаруға міндеттеме алғандар" деп жазады Tengrinews.kz тілшісі. ҚР Ұлттық банк мәліметін алға тартсақ, 2013 жылы ипотекалық несие көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 7,2 пайызға артып, 863,8 млрд. теңгеге жеткен. Оның ішінде ұзақ мерзімді қарыз алғандар ипотекалық несиенің 98,8 пайызын құрап отыр. Ал аз мерзімді ипотека бар-жоғы 1-2 пайыз ғана. Еліміздегі қаржы мекемелері арқылы алынған шетел валютасы есебіндегі ипотекалық несие көлемі өткен жылдың соңғы айларында 180,4 млрд. теңге көлемінде болса, ұзақ мерзімді несиелеу 99,0 пайызға өскен көрінеді. Жуырда Kursiv Research ұйымы шетел валютасымен берілген ипотекалық несие қызметінің Қазақстанның қай өңірлерінде және қай деңгейге дейін қымбаттайтынына зерттеу жүргізіп, өз болжамдарын жасады. Айта кетейік, "ҚР Ұлттық Банкі долларды босатқан күннен бастап шетел валютасымен несие алатындар күрт төмендеп кетті" деп хабарлайды Kursiv Research. Несиеге баспана алушылар қатарында бірінші тұрған Алматы қаласы екен. Аталған ірі мегаполистегі доллар есебінде қарызға үй алғандардың қаржылары 116,8 млрд. теңгені құрап отыр. Екінші – Астана тұр, яғни шетел валютасымен несие алғандардың жалпы сомасы 13,3 млрд. теңге көлемінде. Үшінші орында – Оңтүстік Қазақстан облысы. Бұл өңір тұрғындарының доллармен алған несиелері 11,2 млрд.теңгенің ар жақ, бер жағы. Бұдан шығатын қорытынды, сөз болып отырған "үштікте", яғни Алматы мен Астана қалаларында және Оңтүстік Қазақстан облысында ипотекалық несие күрт өседі деген сөз. Екінші деңгейлі банк арқылы несие алып, баспаналы болуды ойлағанда тәуекелге бел буып, долларды таңдағандарға шыны керек, обал-ақ болды. Бір танысымыз "элиталы пәтер сатып алғым келіп, банкке 600 мың теңге төлеп отыр едім, енді 800 мың теңге төлейтін болдым" деп көз жасын көл қылып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети