01 сәуір 2015 16:26

Қазақстанда жалдамалы баспана алуға өтінім қабылдайтын жүйе істен шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қорының жалдамалы пәтерлеріне үміткерлер өтінім қабылдайтын онлайн-жүйенің жиі істен шығатынына наразылықтарын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қорының жалдамалы пәтерлеріне үміткерлер өтінім қабылдайтын онлайн-жүйенің жиі істен шығатынына наразылықтарын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1 сәуірде сағат 10.00-ден бастап сайтта тіркеудің басталатыны туралы ресми түрде хабарланды. Мен бірінші секундта кнопканы басып, тіркелдім, алайда түсініксіз кейіпте тізімнің 2700-інші орнына тұрақтадым, ал сайттан 9.59-да да тіркелгендердің бар екенін көрдім, бұл ережеге сай келмейді. Мен күдіктеніп қалдым, - деді үміткерлердің бірі Алматының тұрғыны Бауыржан Үсенов. - Жүйе істен шықты да, біраз уақыттан кейін маған өтінімдердің барлығы жойылды деген хабарлама келді. Бұл бірінші рет емес - мен бұған дейін де тіркелуге тырыстым, бірақ ол кезде де өтінімдер жойылды", - дейді ол.

Үсеновтің айтуынша, ол Алматыдан бір бөлмелі пәтер алмақшы болған. Бағдарлама тәртібі бойынша, сатып алушы жалдау ақысын төлеп, содан кейін баспананы сатып ала алады. "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қорының баспасөз қызметіндегілер "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінен пәтер алуға өтінімдерді қабылдау мерзімінің өзгеруін құрылғының істен шығуымен түсіндірді. Қордың мәліметінше, порталға қазақстандықтардан тым көп өтінім мен кідіріс туралы шағым келіп түскен, сөйтіп өтінім қабылдайтын кезде жүйе тұрып қалған.

"Сондықтан "Асыл Арман" кешенінен пәтер алуға 2015 жылы 1 сәуірде келіп түскен өтінімдердің барлығы жойылады. Қазіргі таңда жүйенің істен шығу салдары жойылып, оларды қайта болдырмау шаралары жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижесі мен конкурстың өтетін жаңа мерзімі туралы жылжымайтын мүлік қорының сайтында хабарланады", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы жалға берілетін әлеуметтік баспана салу мен тұрғын үй ұсынуда тұрғындарды қолайлы шарттармен қамтамасыз ету міндетін қойған болатын. Бұл міндетті орындау үшін жалға берілетін тұрғын үй халыққа алғашқы жарнасыз және төменгі сыйақы мөлшерімен 20 жылға дейінгі мерзіммен ұсынылатыны және бұл жалға алудың айсайынғы төлем мөлшерін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік беретіні хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети