16 наурыз 2016 12:34

Қазақстандықтар ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру үшін 19 мыңнан аса өтінім берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© betafinance.ru © betafinance.ru

Қазақстандықтар өздерінің ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру үшін 19 мыңнан астам өтінім берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. 


Қазақстандықтар өздерінің ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру үшін 19 мыңнан астам өтінім берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. 

"2016 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша банктерге бүкіл Қазақстан бойынша Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде 19 мыңнан астам өтінім берілді", - деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Ақтөбе қаласына жұмыс сапары барысында.

"Олардың ішінде 76 миллиард теңге сомасына 12 421 өтінім мақұлданды. Өтінімдерді жинау жалғасуда. Ұлттық Банк бөлінген қаражатты игеру қарқынын ұлғайту мақсатында шаралар қабылдауда. Ақтөбе облысы бойынша берілген өтінімдер саны 1 136 өтінімді құрайды.  3,7 млрд теңге сомасына 760 өтінім мақұлданды", - делінген хабарламада. 

Данияр Ақышевтың айтуынша, Ұлттық банк Бағдарламаның іске асырылуына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді және Бағдарламаға әлеуетті қатысушы - қарыз алушыларды барынша көбірек қамту үшін өзгерістер енгізеді. Ұлттық Банк Басқармасының таяудағы отырысына банктердің қаражатты игеру кезеңін 2016 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартуды,  банктер мен қаржы ұйымдарын (оның ішінде "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ) тізімін кеңейтуді, сондай-ақ басқа да өзгерістерді қоса алғанда бағдарламаны одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар сындарлы ұсыныстар шығарылады.

Ұлттық Банк басшысы Қарыз алушылардың өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның ипотекалық тұрғын үй қарызын, ипотекалық қарызын қайта қаржыландыруда алынған бас тартуларына қатысты жұмыс істеуі шеңберінде Ақтөбе облысы әкімдігінің жақсы жұмысын атап өтті және: "Біз қарыз алушыларға проблемалық берешегін өтеуге, атап айтқанда банктерде Ұлттық Банктің, әкімдіктің өкілдерінің және банктердің басшылығының қатысуымен жеке кездесулер ұйымдастыру, сондай-ақ қарызды өтеуге мүмкіндігі жоқ қарыз алушыларды жұмысқа орналастыру мәселелерін қарау арқылы жәрдем ету бойынша облыстық әкімдікпен жұмысымызды жандандыруды жоспарлап отырмыз", - деп хабарлады ол.

"Барлық осы мәселелер бойынша біз Үкіметпен және жергілікті билік органдарымен бұдан әрі бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз", - деп қорытындылады ҚР Ұлттық банкінің басшысы.

 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Ұлттық Банктің Ипотекалық қарыздарды/ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асырып жатқандығын еске сала кетейік.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети