01 наурыз 2016 13:45

Наурыз айында жылжымайтын мүлік нарығы қандай болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Дмитрий Хегай © Дмитрий Хегай

Tengrinews.kz тілшісі жауап алған сарапшылар наурызда Қазақстанның жылжымайтын нарығында қандай жағдайлардың болуы мүмкін екенін айтып берді. Олардың пікірінше, баспана нарығы алдағы айларда белсенді бола түседі. Бірақ жаңа баспана сатып алғысы келетіндерге белсендірек болу керек екен, себебі жаңа баспаналар нарығы тарылып жатыр.


Tengrinews.kz тілшісі жауап алған сарапшылар наурызда Қазақстанның жылжымайтын нарығында қандай жағдайлардың болуы мүмкін екенін айтып берді. Олардың пікірінше, баспана нарығы алдағы айларда белсенді бола түседі. Бірақ жаңа баспана сатып алғысы келетіндерге белсендірек болу керек екен, себебі жаңа баспаналар нарығы тарылып жатыр.

Қазақстан риелторларының біріккен ассоциациясының вице-президенті Нина Лукьяненко жылжымайтын мүлік нарығының ақпан айында қандай болғанын айтып берді. "Ақпан айында сатып алушылар белсенді болды. Сатып алушылардың негізгі қызығушылығы жаңа үйлерде болып отыр, қолданыста болған үйлердің арзан сегменті ғана қызығушылық туғызыпты. Сонымен қатар, орташа көлемді бір бөлмелі пәтерлерге деген сұраныс сақталып отыр. Қолданыста болған үйлерді сатушылар сатып алушымен нақты саудаласу барысында белсенді әрі әңгімешіл бола бастаған, - деді Лукьяненко. - Сөзсіз, дұрыс саудаласа алмайтын, яғни "дағдарыс, барлығының бағасы түсіп жатыр" деп саудаласатын сатып алушыларға жеңілдік жасалмайтын болған".  

Өз кезегінде, сарапшының айтуынша, наурыз айында жаңа баспаналардың құны едәуір өсе бастаған - нарықтағы негізгі ойыншылар нысандарды 3-5 пайыз аралығында қымбаттатқан. "Оның үстіне, бағаның өсуі фонында қызығушылық туғызатын нысандардың да азайғанын атап өтейін. Жаңа үйлер нарығы тарыла түсті - көлемі, қабаты, бағасы бойынша жақсы үйлер сатылып кетті. Аяқтау алдында немесе аяқталып, пайдалануға беруге шығарылған үйлер аз. Әрине, сатып алушылардың да тарапынан сенімсіздік таныту, тәуекелге бармау сияқты әрекеттерді байқап отырмыз", - деп түсіндірді Лукьяненко.

Сонымен қатар, оның айтуынша, пайдаланылған баспана нарығында жекеменшік секторға - үйлер мен жер телімдеріне сұраныс артқан. Бұл жекеменшік инвесторлардың көктем мезгілінде жаңа құрылыс бастауымен және сату көлемінің артуымен байланысты.

Қазақстан жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсірепов наурызда жылжымайтын мүлік индексі тұрақтанып, баспананың шаршы метрінің шамамен 200-250 мың теңге болады деп үміттенетінін айтты. "Баспананың шаршы метрінің бағасы теңге эквивалентінде біртіндеп тұрақтанып келеді. Шаршы метр бағасының индексін толық анықтау үшін бізге әлі де бірнеше ай керек", - деді сарапшы.

Ол, сонымен қатар, қолданылған жылжымайтын мүлік бағасының жаңа тұрғын үйден төмен болу керек екенін айтты. Мүсірепов құрылыс салушылардың наурызда түрлі акция ұйымдастыратындарын айтты. Маман нарықта жаңару болатынына сенім білдірді.

Еске салайық, биыл қаңтарда жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу көлемі 10,3 мың болып, 2015 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 10 пайызға қысқарған болатын. Жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу бойынша келісім саны Алматы мен Маңғыстау облысында ғана өскен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети