"007: Спектр" фильмінің қазақ тіліндегі трейлері шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"007: Спектр" фильмінің қазақ тіліндегі трейлері шықты

"007: Спектр" бондианасының жаңа сериалының қазақ тіліндегі трейлері шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"007: Спектр" бондианасының жаңа сериалының қазақ тіліндегі трейлері шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ағылшын агенті Джеймс Бонд туралы фильмнің 24-ші сериясы 2011 жылдан бері қазақ тіліне дубляждалған 12-ші кинокартина әрі 2015 жылдың 3-ші кинопремьерасы болды. Сэм Мендес екінші рет режиссер болып отыр. Бондтың ролінде осымен төртінше мәрте Дэниел Крэйг ойнайды. Қазақша нұсқасында оның даусын актер Ержан Жарылқасынов салады. Сонымен қатар, дубляжға Азамат Қанапия (Франц), Күнсұлу Шаяхметова (Люсия Скьяра), Самат Қордабаев (Танер) қатысты. Дубляж режиссері осыған дейін "Малефисента", "Человек-паук" және "Золушка" сияқты голивудтық картиналармен жұмыс істеген Айжан Жәмшитова. 

007 агентінің оқиғалары жайлы осыған дейінгі соңғы сериясы "Скайфолл координаттары" деп аталды. Ол бір жыл бұрын шыққан еді. Бұл фильм Бонд туралы картиналардың ішінде ең сәттісі болып, әлем бойынша, 1,1 миллиард доллар табыс түсірді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети