28 наурыз 2017 15:58

"16 қыз" комедиялық фильмінің жалғасы түсіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақфильм" киностудиясында "Ең сұлу қыз" атты көркем фильмнің түсірілім алдындағы жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Қазақфильм" киностудиясында "Ең сұлу қыз" атты көркем фильмнің түсірілім алдындағы жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, бұл - режиссер Қанағат Мұстафиннің "16 қыз" комедиялық фильмінің жалғасы. Фильмді ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы "Kanaidarproductio" және "Шешенфильм" студиясы түсіреді.

Фильмнің сюжеті бойынша, достардың ішінде Самат қана отбасын құрмаған. Бауыржан оған қалыңдық тауып, үйлендірмек болады. Екеуі қалыңдық іздеп үлкен қалаға келеді. Бұл сапарда олар түрлі оқиғаларға тап болады. Екеуі ойда-жоқта халықаралық қылмыскерлер деп танылып, полицейлер мен бандиттердің қуғынына ұшырайды. 

Қазіргі таңда түсірілім тобы дайындық кезеңінде. Команда реквизиттер дайындап, костюмдер мен локация таңдау үстінде. Сондай-ақ жуық арада қосалқы рөлдерге кастинг жариялайтын болады.

"Түсірілім тобы бірінші фильмде жұмыс істеген мамандардан құралған. Олар режиссерді жақсы түсінеді. Естеріңізде болар, "16 қыз" фильмінде бірінші планда Берік Айтжанов айдаған волга ГАЗ-21 көлігі болатын, бұл жолы Мин дәуірінің антикварлық құмырасы болмақ. Фильмді сапалы әзілдер мен қызықты оқиғалармен байытуға тырыстық", - дейді фильмнің продюсері Айдархан Әділбаев дайындық жұмыстары туралы.

Фильмге "16 қызда" түсіп, көрермен қауымның көңілінен шыққан Берік Айтжанов, Аша Матай, Қуаныш Долдаев, Ғани Құлжанов, Саят Мерекенов және Дәурен Айдарқұлов түседі. Сондай-ақ, жаңа кейіпкерлер қосылады. Оларды Қарлығаш Мұхаметжанова, Мұрат Бисенбин, Жанна Қуанышева,  Фархат Абдрайымов, Асан Мәжит және Ерболат Тоғызақов ойнайды.

Естеріңізге сала кетсек 2016 жылы "16 қыз" фильмі прокатта көшбасшылар қатарынан көрінген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети