29 желтоқсан 2015 10:50

2016 жылдың қаңтарында күтілетін фильмдер

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Выживший" фильмінің кадрынан "Выживший" фильмінің кадрынан

"Фильм Про" порталы 2016 жылдың қаңтар айында күтілетін фильмдердің тізімін жасады.


"Фильм Про" порталы 2016 жылдың қаңтар айында күтілетін фильмдердің тізімін жасады.

Рейтингте алғашқы орын По есімді панданың қызықты оқиғаларын баяндайтын "Кунг-фу Панда" киносериясының үшінші анимациялық фильміне бұйырды. Бұл жолы сүйкімді кейіпкер бұрын жоғалып кеткен әкесімен кездеседі. Әкесі оны пандалардың жасырын ауылы деп аталатын жұмаққа апарады. Кейін әкесінің Поны келісім бойынша үйлендіру мақсатымен осында әкелгені анықталады. Дегенмен мұнда басқа да мәселелер туындайды. Кай есімді кунг-фу шебері Қытайды аралап, басқа шеберлермен күш сынасады. Ол енді По тұратын ауылға қарай бет алады. Мұны естіген По аз уақыт ішінде төбелес өнерінің қыр-сырымен танысады.

"Выживший"

Екінші орында режиссер Алехандро Гонсалес Иньярритудың картинасы тұр. Бұл фильмде басты рольде Леонардо ДиКаприо ойнады. Осы фильм актерге "Оскар" сыйлығын әкелуі мүмкін делінеді. Қазірдің өзінде актердің "Алтын глобус" пен Америка актерлерінің Гильдин жүлдесін иеленіп үлгерді. "Выживший" фильмінде табиғат әлемінің қиын да күрделі сынақтарымен бетпе-бет келген Хью Гласстың оқиғасы баяндалады. Аю шабуылдаған Гласс өлім аузында жатады. Оны үш серіктесі - ұлы Хоук, сонымен қатар, аңшылар Фицжеральд пен Бриджер оның өлімін күтіп, жерлеуі тиіс болған. Дегенмен олар Глассты жалғыз қалдырып кетеді. Аман қалу үшін ол өз күшіне сенуіне тура келеді.

"Омерзительная восьмерка"

Квентин Тарантиноның жаңа фильмі азаматтық соғыс аяқталғаннан кейін бірнеше жылдан соң болған оқиғаларды баяндайды. Вешатель есімімен белгілі болған Джон Рут Дэйзи Домерг есімді тұтқынды әкеле жатады. Оған армияның бұрынғы сарбазы Маркиз Уоррен тосқауыл болады. Уореннің шанасында бірнеше адамның денесі бар. Уоррен осы мәйіттерді кейін ақша алу үшін сақтап қалуы тиіс. Ол Руттан өзін жеткізіп тастауын сұрайды. Осыдан кейін олар Крис Мэнникспен түйіседі. Ауа райының қолайсыздығынан олар таса жер іздеуге мәжбүр болады. Минидің Дүкені деп аталатын жерде олар бірқатар адаммен кездеседі, олардың қатарында: Боб (Мини оған дүкенді тапсырып кеткен), басалғыш Освальдо Мобрей, ковбой Джо Гейдж және генерал Сэнфорд Смитерс. Мұндағылардың бірі сапар шегушілерге нағыз қиындық тудырады. 

"5-я волна"

Бірінші толқын адамдарды электр қуатынсыз қалдырды. Екінші толқын қаланы қиратты. Үшінші толқын - індет миллиондаған адамның өмірін қиды. Төртінші толқын жатғаламшарлықтарға тірі қалған адамдарға шабуылауға мүмкіндік берді. Адамдар күреспесе, ғаламшар оларға қалады. "5-я волна" - Рика Янси есімді жазушының Жерге жат ғаламшарлықтардың басып кіруін баяндайды.

"Джой"

Бұл "Мой парень - псих" және "Афера по-американски" атты фильмдерді түсірген режиссер Дэвид О. Расселдің жаңа мелодрамасы. Джой Мангано - үш бірдей жұмыс істейтін жалғыз басты ана туралы. 1990 жылы ол еден жууға арналған өзі жиналатын құрал ойлап табады. Бұл фильмде бизнеспен айналысқан әйелдің оқиғалары баяндалған. Картинада басты рольде Дженнифер Лоуренс ойнады.

"Статус: свободен"

Бұл комедиялық мелодраманың продюсері Данила Козловский, ол фильмде басты рольдердің бірін сомдайды. Фильмнің сюжеті Афина мен Никитаның бұрынғы махаббатын баяндайды. Ертеде екеуі айырылысып кеткен. Оған қыз себеп болады. Ол өзіне жақсы жігіт тауып алады. Жігіті - тіс дәрігері. Никита болса сүйіктісі жоқ жаңа әлемге үйренгісі келеді: ашуланады, қызды да, оның жаңа жігітін де жек көреді, сүйіктісін қайтарып алғысы келеді. Алайда бірер уақыт өткенде жігіт айырылысудың да өміріне жағымды өзгерістерді әкелгенін ұғына бастайды. 

"Игра на понижение"

Осы бір драмалық оқиғаның сюжеті Америкада 2008 жылы болған қаржы дағдарысы жайлы баяндайды. Фильм Қаржы журналисі Майкл Льюис жазған "Большая игра на понижение. Тайные пружины финансовой катастрофы" кітабының желісімен түсірілген. Экономика ғылымдарының докторы Майкл Бьюрри хедж-қорды, яғни бірнеше инвестордың активтерін басқарады. Бас кейіпкер ипотекалық несиелеу нарығының таяуда құлдырайтынын сезеді. Осыған байланысты ол оның клиенттерінің миллиардтаған қаражатын сақтандырады. Бастапқыда Бьюрридің әрекеті оның әріптестеріне түсініксіз болады, бірақ оның әрекетін түсініп қойған бірнеше қаржыгер тәуекелге бел буып, алдағы қаржы дағдарысында пайда тауып қалуды көздейді. 

"Мафия: Игра на выживание"

Фильм сюжеті 1986 жылы ММУ психология факультетінің студенті Дмитрий Давыдов ойлап тапқан осы аттас ойынының желісінде өрбиді. Экранға шығаруға құқығы одан түсірілім басталмай тұрып сатып алынған. Картина оқиғасы Мәскеуде болашақта өтеді. "Мафия" атты карта ойыны ең танымал телевизиялық шоуға айналған, оған қатысу үшін бір ғана сұраққа жауап беруіңіз тиіс: "Өлуге дайынсың ба?". Ойын столына 11 адам жиналып, кімнің мафия, ал кімнің бейбіт тұрғын екенін анықтайды. Жеңімпаз қыруар ақшаға кенеледі, ал жеңілгені өмірімен қош айтысады. 

"Стив Джобс"

Атауы айтып тұрғандай, бұл фильм Apple компаниясын құрған Стив Джобс жайлы. Фильмде оның шығарған өнімдерінің таныстырылымдары көрсетіледі. Картина диалогтардан құралған. Джобстың сан қырынан көрсету - режиссердің басты мақсаты. Көрермендер бұл картинадан Lisa, iMac компьютерлерінің қалай шығарылғаны, атышулы NeXT және тағы да басқа құрылғылардың қалай пайда болғанын біле алады. Ал фильм сценарийін Американың ең қалаулы драматургтарының бірі Аарон Соркин жазған. Фильм режиссері - "Оскар" сыйлығының иегері Дэнни Бойл.   

"Страна чудес"

Бұл фильм Жаңа жыл қарсаңында нағыз ғажайып оқиғаларды бастан кешірген адамдар жайлы. Костромадағы өртсөндірушілер отбасы бақытқа кенеледі - Люба мен Семен өздерінің сүйікті бағдарламасы "Поле Чудеске" түсуге мүмкіндік алады, ал Валераға караокеде ән айту мен адамды құтқару таңдауы беріледі. Жол полицейі Саня 31 желтоқсанда күзеттегі бірінші кезекшілігіне шығады, ал сүйікті жұптар өтіп бара жатқан жылдың соңғы күнінде бір-бірінің ата-анасын татуластыруы керек. Тағдыр осы адамдарға түрлі тосынсый жасайды және өз өмірін осы бір ғажайып күнде түбегейлі өзгеріс жасауға мүмкіндік алады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети