07 наурыз 2014 12:51

"Абайлаңыз, сиыр!" прокатқа шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Абайлаңыз, сиыр" фильмінің түсірілімі "Абайлаңыз, сиыр" фильмінің түсірілімі

Кеше еліміздегі кинотеатрларда Баян Есентаеваның "Абайлаңыз, сиыр!" атты комедиялық фильмі көрсетіле бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Фильмде басты рөлді Баян Есентаеваның өзі ойнайды. Режиссер Асқар Ұзабаев түсірген картина Айгүл есімді толық қыз туралы. Студент кезінде Айгүлді достары оның толықтығы үшін сиыр деп атап кеткен. Артық салмақтың кесірінен әбден келекеге айналған Айгүл өз басынан өткен жауапсыз махаббаттан, сатқындықтан кейін өзінің өмірін түбегейлі өзгертуге бел буады. Ол өзінің үлкен жетістіктерге жете алатынын бәріне дәлелдегісі келеді. Ең алдымен Айгүл өзінің артық салмағынан арылмақ болады. Сөйтіп ол 100 келілік "сиырдан" жіп-жіңішке нәзік аруға айналып шыға келеді. Ол мұнымен ғана тоқтап қоймай өзінің ауылының атынан депутаттыққа түспек болады. Тұрғындардың сеніміне кіру үшін біраз еңбектенеді. Алайда осы тұста Айгүлге оның алғашқы махабаты Мәрлен жолығып қалып, барлық жоспары бұзылады. Оқиға 1990 жылдардағы қазақ ауылында орын алған. Фильм Алматыдан 100 шақырым жерде орналасқан бір ауылда түсірілген. Баян Есентаева, актриса: "Мен фильмде соңғы голливудтық технологияларды пайдалана отырып семіз қызға айналдым. Грим өте жақсы болғанымен бағасы да соған тұрарлық қымбат. Бұл бетке жапсырылатын арнайы силикон маска. Мәскеуден арнайы грим шеберлері келіп кейіпкерімнің бейнесін жасауға көмектесті. Ал картинаның жалпы бюджеті 500 мың доллар. Жалпы менің фильмдерімнің бюджеті жарты миллионнан аспайды. Өйткені Қазақстанда бұдан артық ақшаға кино түсіруге келмейді, шығынды ақтамайды". "Абайлаңыз, сиыр!" фильмінде Азамат Сатыбалды, Айгүл Иманбаева, Әбу-насыр Серіков, Азат Сейтметов секілді актерлер ойнайды. Жуық арада отандық телеарналардың бірінен "Абайлаңыз, сиыр" сериалы да көрсетілмек.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети