06 қаңтар 2016 10:58

Әділхан Ержановтың жас әкім жайлы сатиралық фильмінің премьерасы Роттердамда өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фильмнің түсірілім тобы Фильмнің түсірілім тобы

Әділхан Ержановтың "Қаратас ауылындағы оба" атты жаңа фильмінің көрсетілімі Роттердамда болатын кинофестивальде байқаудың негізгі бағдарламасы шеңберінде өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әділхан Ержановтың "Қаратас ауылындағы оба" атты жаңа фильмінің көрсетілімі Роттердамда болатын кинофестивальде байқаудың негізгі бағдарламасы шеңберінде өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Режиссер бұл лентаны Soros Foundation-Kazakhstan қорынан алған алты мың доллар көлеміндегі грантының есебінен түсірді. Оның операторы - Едіге Несіпбеков, қоюшы суретші - Ермек Өтегенов, дыбыс режиссері - Саша Сухарев, продюсері - Серік Әбішев. Картинадағы басты рольдерді Нұрбек Мұқышев, Айбек Құдабаев, Баймұрат Жұманов, Төрі Талғат, Шыңғыс Әбіров, Олжас Шаханов сомдады.

Лента сюжеті бойынша, жас әкім ауылға келіп, өзінің өзгерістері мен ережесін енгізу арқылы жағдайды өзгерткісі келеді. Жергілікті билік пен тұрғындар жас реформаторға аса назар аудармайды, осылайша олардың арасында келіспеушілік пайда болады.

Роттердам халықаралық кинофестивалі (International Film Festival Rotterdam) - еуропалық ең атақты кинофестивальдердің бірі. Кинофестиваль 2016 жылы 27 қаңтардан бастап 7 ақпан аралығында өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети