11 қараша 2015 18:23

Әлия Назарбаева "Қазақ Елі" фильмінде басты рольді сомдамайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлия Назарбаева Әлия Назарбаева

Әлия Назарбаева жұмыс кестесінің тығыз болуына байланысты "Қазақ Елі" фильмінде ойнамайтын болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне картина продюсері Арман Әсенов айтып берді.


Әлия Назарбаева жұмыс кестесінің тығыз болуына байланысты "Қазақ Елі" фильмінде ойнамайтын болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне картина продюсері Арман Әсенов айтып берді.

"Ол біздің ұсынысымызды өте жақсы қабылдады. Бірақ оның қоғамдық жұмыстардан қолы босамайды. Ол ресми түрде бас тартқан жоқ. Дегенмен киноға түсу үшін бір ай бойы күнде келіп тұруы керек болады. Соған қарағанда, ол басты рольді сомдамайтын шығар", - деді Әсенов.

Айта кетейік, Әлия Назарбаева Әмір Темірдің немересі Рәбия сұлтан бегімнің ролін сомдауы керек болған. Бұл рольдің кімге бұйыратыны әзірше белгісіз.

"Қазақ елі" көпсериялық фильмінің 1465 жылы қазақ мемлекетінің құрылу кезеңін, Жәнібек пен Керейдің, олардың балалары Қасым мен Бұрындықтың билік еткен кезеңін қамтитыны белгілі. Фильм Ільяс Есенберлиннің "Көшпенділер" романының бірінші томы бойынша түсірілу үстінде. Режиссер Рүстем Әбдрашевтің айтуынша, қазіргі уақытта материалдың 40 пайызы түсірілді, монтажы қатар жасалып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети