12 тамыз 2019 10:15

Арман Әсенов "Қазақфильм" басшысы болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақфильм" киностудиясына жаңа президент тағайындалды. Бұл қызметке Арман Әсенов келді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазақфильм" киностудиясына жаңа президент тағайындалды. Бұл қызметке Арман Әсенов келді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, 9 тамызда Бақыт Қайырбеков "Қазақфильм" президенті қызметінен кеткен болатын. 

"ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ ұжымымен кездесуде киностудия президентінің міндетін атқарушы болып тағайындалған Арман Әсеновті таныстырды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Арман Әсенов 1972 жылы 17 сәуірде дүниеге келген, актер, продюсер. 2017 жылдың 6 қаңтарынан бүгінге дейін "Республика алаңы" ЖШС директоры болып қызмет еткен. 1995-2000 жылдары "Қазақфильм" АҚ продюсері қызметін атқарып, осы күнге дейін киностудияда түрлі қызметтерде болған.


© "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі

ҚР еңбегі сіңген қайраткері, актер, продюсер Арман Әсенов кино әлеміне 90-жылдардың басында келді. Осы уақыт ішінде актер және продюсер ретінде кино сүйер қауымға және шетелдің көрермендеріне жақсы таныс 20-дан аса кинотуындыға қатысты.

Жастар сыйлығының лауреаты және көптеген мемлекеттік және мерейтойлық наградаларының иегері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети