29 қаңтар 2014 10:40

"Асланның сабақтары" Францияда өткен ХКФ-да жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Асланның сабақтары" фильмінен кадр "Асланның сабақтары" фильмінен кадр

Режиссер Эмир Байғазиннің "Асланның сабақтары" фильмі үстіміздегі жылдың 17-26 қаңтар аралығында Францияда өткен Premiers Plans 26-шы Халықаралық кинофестивальде Гран-приді жеңіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сондай-ақ режиссер Эмир Байғазин Францияда фильмді дамыту мен таратуға сіңірген еңбегі үшін 15 мың евро көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды. "Алғашқы еуропалық үздік фильм" марапатын Эмир Байғазинге актриса Мария де Медейруш табыстады. Халықаралық қазылар қатарында Мария де Медейруштен басқа режиссер Катрин Корсини, актриса Элиза Ласовски, сценарист Анна-Луиза Тривидик, режиссер Надир Мокнеш және актер Бруно Тодескини секілді кино майталмандары болды. Premiers Plans Халықаралық байқауы 1989 жылдан бері өткізіліп келеді. Аталмыш байқауға негізінен еуропалық киномотографистердің дебюттық фильмдері қатыстырылады. Осы жылғы фестиваль аясында әлемнің әр елдерінен 80-нен астам дебюттық фильмдер байқауға қатысты. Эмир Байжановтың "Асланның сабақтары" дебюттық фильмінің қанжығасында 25 халықаралық байқаудың жүлдесі бар. Олардың арасында Берлиндегі "Күміс аю" кинофестивалінің жүлдесін, Сиэтлде өткен халықаралық кинофестивальдің Гран-приін, Нью-Йоркте өткен Трайбек кинофестивалінде қазылардың ерекше марапатын, Базель кинофестивалінің Гран-приін, Словакияда өткен халықаралық кинофестивальдің Гран-приін, Лозанда өткен халықаралық кинофестивальдің Гран-приін ерекше атап өтуге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети