12 қараша 2018 09:17

"Айка" фильмі Германияда өткен кинофестивальде бас жүлдеге ие болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Самал Еслямова мен Сергей Дворцевой Самал Еслямова мен Сергей Дворцевой

Қазақстандық актриса Самал Еслямова басты рөлінде ойнаған "Айка" фильмі Германияның Коттбус қаласында өткен халықаралық кинофестивальде гран-приге ие болды, - деп хабарлады "Хабар 24".


Қазақстандық актриса Самал Еслямова басты рөлінде ойнаған "Айка" фильмі Германияның Коттбус қаласында өткен халықаралық кинофестивальде гран-приге ие болды, - деп хабарлады "Хабар 24".

Телеарнаның мәліметінше, конкурста 40 елден 190 фильм сынға түскен. Гран-примен қатар "Айка" қазылардың арнайы жүлдесін де қанжығаға байлады. Айта кетейік, кинотуындыны режиссер Сергей Дворцевой түсірген.

Еңбек мигрантының өмірі мен оның Мәскеуде көрген қиыншылықтары туралы фильмге жергілікті көрермендер жоғары баға берген. Олардың айтуынша, Самал Еслямованың рөлді шынайы, асқан шеберлікпен сомдауы фильмнің өзге бәсекелестерінен дараланып, озық шығуына сеп болған.

Айта кетейік, Самал Еслямова Канн фестивалінде үздік актриса атанған еді.

"Мен мұндай фестивальдерге көптен бері қатысып келемін. Еңбегіңнің бағаланғаны қуантады, әрине. Фильмнің түсіріліміне дайындық басталғанда, ойланбастан Самалды рөлге бекіттім. Ұлты қырғыз болмаса да, қырғыз тілін үйреніп, өте жақсы ойнады", - деді "Айка" фильмінің режиссері Сергей Дворцевой.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети