04 ақпан 2015 10:15

Баян Есентаева "КешYou" тобы туралы фильм түсіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Баян Есентаева Баян Есентаева

Белгілі продюсер әрі актриса Баян Есентаева “КешYou” тобы туралы фильм түсіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Белгілі продюсер әрі актриса Баян Есентаева “КешYou” тобы туралы фильм түсіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл мюзикл элементтерімен түсірілген фильм болатын шығар. Мен әзірше уақытқа байланысты ештеңе айта алмаймын. Қазір режиссерлық топпен, сценарийшілермен келіссөздер жүргізіп жатырмын. Фильмді 2016 жылдың сәуір айында, топтың 10 жылдығында көрсеткім келеді", - деді продюсер.

Картинада өмірде болған оқиғалар мен ойдан шығарылған элементтерге негізделеді. "Бұл - топқа қыздардың қалай келіп, қалай кететіні туралы әдемі ертегі болатын шығар. Әзірше ойланып отырмыз. Қазір барлығы тек келіссөздер шеңберінде жүріп жатыр", - деді Баян Есентаева.

Түсірілімге ұжым тарихында болған ең көрнекті қатысушылар шақыртылады. Есентаеваның айтуынша, олардың қатарында міндетті түрде Жанар Доғалова мен Кәмшат Жолдыбаева болады.

Айта кетейік,  "КешYou" тобының ең бірінші құрамында Баян Есентаеваның басқаруымен Әнел Әрінова, Зумрад Гараева мен Мөлдір Әуелбекова кірді. Он жылдың ішінде 5 солист ауысты. Жақында герлз-бэндтен Кәмшат Жолдыбаева мен тұрмысқа шыққалы жүрген Айдана Меденова кеткелі жатқаны белгілі болды. "КешYou" тобының жаңа құрамы туралы ресми ақпарат "Қазақ Аруы-2015" байқауы барысында жарияланады, байқау Алматы қаласында 22 наурызда өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети