17 қараша 2014 | 13:14

Бекмәмбетов "Шыршалар 1914" фильмінің эпизодын Астанада түсіріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тимур Бекмәмбетов. ©РИА Новости Тимур Бекмәмбетов. ©РИА Новости

Тимур Бекмәмбетовтың жаңажылдық "Шыршалар 1914" ("Елки 1914") комедиясының бастапқы және соңғы түсірілімдері осы жылдың 17 қарашасында "Астана Опера" театрында түсіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Тимур Бекмәмбетовтың жаңажылдық "Шыршалар 1914" ("Елки 1914") комедиясының бастапқы және соңғы түсірілімдері осы жылдың 17 қарашасында "Астана Опера" театрында түсіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәстүр бойынша бұл фильмге кәсіби актерлермен қатар қарапайым көрермен де түсе алады, олар Жаңа жылды бір жарым ай бұрын қарсы алу мүмкіндігіне ие болады және жаппай селфиге түсе алады.   

"Шыршалар 1914" фильмінің 100 жыл бұрынғы оқиғасының бастапқы және соңғы эпизодтары қазіргі заманды көрсетеді: сэжет бойынша бір топ жас жаңа 2015 жылды тойлауға дайындалып жатады, одан кейін оқиға 1915 жылға ауысып кетеді. 

Астанаға Жаңа жылдың эстафетасын Красноярск берді, ал оған дейін ауқымды акцияға Ресейдің басқа да қалары қатысқан: Санкт-Петербург, Пермь, Иркутск, Омск, Қазан, Саратов және Воронеж. Түсірілімге әр қаланың тұрғындары "Шыршалар 1914" фильмінің өз қаласындағы соңғы нұсқаларына қатысты. Әр қаланың тұрғындары 25 желтоқсанда кинотеатрдан өздерінің нұсқасымен аяқталатын фильмді көре алады.     

"Шыршалар 1914" жаңажылдық комедиясының түсірілімі осы жылдың ақпан айында басталды. Фильмде алты новелла баяндалады. Новеллаларда оқиға Ресейдің үлкен және кіші қалаларында, дворяндар мен крестьяндар үйінде, уайымсыз балдар мен Бірінші дүниежүзілік соғысы майдандарында болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети